25 июня 2020 | 10:38

Дағдарыста әлеуметтік төлемдердің көлемі қысқармайды - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото ©Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік төлемдер - Үкімет үшін, мемлекет үшін әрқашан ең маңызды міндеттердің бірі. Ешқандай дағдарысқа қарамастан төлемдер қысқартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік төлемдер - Үкімет үшін, мемлекет үшін әрқашан ең маңызды міндеттердің бірі. Ешқандай дағдарысқа қарамастан төлемдер қысқартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Біржан Нұрымбетов ведомствоның өткен жылғы жұмысы үшін халық алдында есеп беріп жатыр. Ол осы жылы әлеуметтік төлемдердің көлемі артқанын және дағдарысқа қарамастан қысқармайтынын атап өтті

Реклама
Реклама

"Әйелдердің жүкті болуына және баланың босануына байланысты 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты төлемдерді 825 мың адам алып келеді. Әлеуметтік төлемдер - Үкімет үшін, мемлекет үшін әрқашан да ең маңызды міндеттердің бірі. Ешқандай дағдарысқа қарамастан мұның шығындары қысқартылмайды. Қайта ұлғайып келеді. Мысалы, осы жылы біз бүкіл зейнетақы мен жәрдемақыны екі рет көбейттік. Жыл басында инфляцияға байланысты 5 пайызға және 1 сәуірден тағы 5 пайызға көбейді. Оның ішінде зейнетақыны 2 пайызға арттырып отырамыз. Сондықтын былтырға қарағанда қазір зейнетақы, жәрдемақыларымыз 10 пайызға көбейіп отыр. Оның ішінде зейнетақы 12 пайызға көбейді", - деді ол.

Сондай-ақ министр жұмыс істеп жүрген азаматтардың еңбек қабілетінен айырылған жағдайдағы төлемі 69 пайызға, асыраушысынан айырылғандарға 41 пайыз және жұмысынан айырылғандарға төлем 44 пайызға көбейгенін жеткізді.

Министрдің айтуынша, былтыр 400 022 сәби дүниеге келген. Былтыр жұмыс істемеген 138 мың ана баласы 1 жасқа толғанға дейін 16-25 мың теңгеге дейін жәрдемақы алған.

"Сәби дүниеге келген кезде 106-175 мың теңгеге дейін бір реттік төлем бар. Былтыр 400 022 сәби дүниеге келіп, төленді. 1 жасқа дейін баланың күтіміне байланысты төленетін төлем бар. Жұмыс істемеген әйелдер 16-25 мың теңгеге дейін былтыр 138 мың ана және жұмыс істеп жүрген аналар сақтандыру қорынан өздерінің жалақысының 40 пайыз көлемінде 12 ай бойы алып отырады. Орта есеппен 34 мың теңге шығып отыр. Былтыр 434 мың анамыз осындай төлем алды", - деді ол. 

Сонымен қатар, Біржан Нұрымбетов "Алтын алқа", "Күміс алқа" алған 232 мың ана барын атап өтті.

Еске салайық, биыл коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге алды. Мұндай төлемді 4 миллион 600 мың адам алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram