РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 мая 2019 | 14:16

Ажырасқанда ипотека мен несие бойынша берешекті кім төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасып жатыр. Ажырасқанда ипотека мен несиелер қалай бөлінеді? Олар тепе-тең бөліне ме? Ипотека төленбесе үй кімнің атында қалады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Сергей Сизинцев айтып берді. 


Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасып жатыр. Ажырасқанда ипотека мен несиелер қалай бөлінеді? Олар тепе-тең бөліне ме? Ипотека төленбесе үй кімнің атында қалады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Сергей Сизинцев айтып берді. 

Елімізде ажырасқандардың қандай да бір берешегіне жауаптылық бекіту мәселесі мынадай жолдармен шешіліп келеді:

Ипотекаға алынған пәтер сатуға қойылып, кейін оның ақшасы банк алдындағы қарызды өтейді. Ал қалған ақша экс-ерлі-зайыптыға беріледі.

Ипотекалық төлем ерлі-зайыптыға тепе-тең бөлінеді. Әрқайсысы өз бөлігін төлеуі тиіс.

Сыңарлардың бірі пәтер иесі болып қалады, сондай-ақ ол қалған бөлігін жолдасына төлеуі тиіс.

Заң бойынша пәтер иесіне бөлмелерді меншіктену құқығы берілмеген. Ол үшін арнайы шарт керек, ал мұндай шарт қарапайым пәтерлерде қарастырылмаған. Ипотекаға алынған үйді бөлісу кезінде дау туса, сот тұрғындарға пәтерді пайдалану тәртібін енгізе алады.

Қарыз тең бөлінетін жағдайлар

Заңгердің сөзінше, ерлі-зайыптылардың несие немесе ипотекасы болса, олар да ортақ меншіктері секілді тең бөлінеді. Ажырасқаннан кейін де меншік те, берешек де тең бөлінеді. 

"Ерлі-зайыптылар заңды түрде ажырасқаннан кейін, берешектер екеуіне тепе-тең бөлінуі тиіс. Бұл "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 7-тарауында көрсетілген. Бірақ сот берешектерді бөлу барысында, банктің ұсынысын ескереді. Несие немесе ипотека берген ұйым берешектің төлем қабілетіне байланысты екінші адамға өтуіне қарсылық білдіруі мүмкін", - дейді маман. 

Банктер қарсы болса

Заңға сүйенсек, банк өз міндеттерін орындауға қарсылық білдірмеген қосалқы қарыз алушыдан, өзіне ыңғайлы деп танығанды борышкер ретінде таңдай алады. Банктердің басым көпшілігі мұндай бөлістерге барғысы келмейді. Себебі қарызды төлеу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда бірнеше басымдық бар. Себебі банк қосалқы қарыз алушының біреуін таңдай алады. Сондай-ақ қаржы мекемесі қарызды төлету үшін екеуіне бірдей ұсыныс жасай алады.

Заңгердің айтуынша, ипотекамен алынған үй отбасының бір мүшесіне өтсе, онда жалпы қарыз да оның мойнына ілінеді екен. Бірақ отбасының екінші мүшесінен өтемақы ретінде жалпы қарыздың жартысы өндіріп алынады. Сондай-ақ бұл өтемақы толықтай немесе жартылай ғана өндірілуі мүмкін. Сәйкесінше, ерлі-зайыптының біреуі үйдің иесі болады.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Қарызды жұптың бір сыңары ғана пайдаланса

Сондай-ақ заңгер ерлі-зайыптылар ажырасар алдында бір мүлікті алса, кейін оның кімнің атында қалатынын айтып берді. 

"Негізі сот мүлікті екеуіне де бөліп беруі мүмкін. Бірақ тәжірибеге сүйенсек, несиеге алынған мүлік кімде қалса, сол қалған қарызды төлейді. Автонесие, тұтынушылық несие де жоғарыда атап өткеніміздей қарастырылады. Бірақ сот берешектің ортақ қолдануға алынбағанын анықтайтын болса, яғни бұл қарызды тек бір адам пайдаланса және жолдасының рұқсаты болмаса, онда сот бұл берешекті бөлмей тек қарызданған адамының мойнына іледі", - дейді заңгер.

Несиені сыңарлардың біреуі отбасы құрмай тұрып алуы мүмкін жағдайлар да кездеседі. Неке құрып, бала асыраса да банк ай сайынғы төлемді қайта қарастырмайды. Бірақ егер олар ажырасатын болса, ерлі-зайыптының біреуі төлеген қаражатын иемденуге құқығы бар. Немесе сол сомаға теңелген мүліктің иесі атануы мүмкін. Ол үшін ипотека бойынша негізгі борышкер неке құрғанда неке шартында көрсетіп, алдын ала анықтап қоюға болады. Сонда ғана осы шарт негізінде негізгі борышкер пәтердің жалғыз иесі болып қалады. 

Бала болған жағдайда

Заңгердің сөзінше, ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейін, олардың балалары ортақ меншік пен берешектің бөлуіне әсер етпейді.

"Сот ерлі-зайыптыларға мүліктерді бөлу кезінде тепе-теңдікті бір жағдайда сақтамауы мүмкін. Жұбайлардың бірі кәмелетке толмаған балаларды асырап жатса, ал екіншісі негізсіз кіріс әкелмей, сондай-ақ ортақ табысты отбасының пайдасына емес, басқа заттарға жаратқанда, сот оның пайдасына ортақ мүлікті тең бөлмеуі мүмкін", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети