РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 ноября 2020 | 17:07

"10 жылдан кейін ғана жаңартылады". Қара тізімге кірмеу үшін нені білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Бүгінде, статистикаға сүйенсек, 6 миллионға жуық қазақстандықтың кредиті бар. Несиені алуын алып, оны төлей алмай жүрген қазақстандықтар да аз емес. Сол себепті несие тарихын бұзбай, қара тізімге енбеу үшін не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Бүгінде, статистикаға сүйенсек, 6 миллионға жуық қазақстандықтың кредиті бар. Несиені алуын алып, оны төлей алмай жүрген қазақстандықтар да аз емес. Сол себепті несие тарихын бұзбай, қара тізімге енбеу үшін не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, несиені уақтылы төлей алмаған немесе кешіктіріп төлеген жағдайда борышкерге қатысты мәлімет банкке емес, кредиттік бюроның базасына енгізіледі. Яғни несиені кешіктіріп төлеген жағдайда бірінші кезекте несие тарихы бұзылады да, борышкер бірден "қара тізімге" енеді.

"Қара тізім" деген не? Онда борышкердің аты-жөні қанша жыл сақталады?

Сарапшылардың айтуынша, "қара тізім" дегеніміз шартты атауы ғана. Ол ұғымды несиені бірнеше рет кешігіп төлегендерге қатысты қолданады. Сондықтан да бұл ретте банктер де, кредиттік бюролар да несие алушыны қара тізімнен алып тастау деген мәселемен айналыспайды. Олар тек борышкердің несие тарихын мұқият зерттеп, несие беруге бола ма, жоқ па - соны ғана шешеді екен.

"Бірінші кредиттік бюро" өкілдерінің сөзіне қарағанда, бюро ешқашан борышкерлердің "қара тізімін" жүргізбейді. Мұнымен тек банктер айналысады. Көбіне банктердің "Сіз қара тізімдесіз" деген жауабы сіздің осыған дейін несиелер бойынша төлемдердің мерзімдерін кешіктіріп алғандығыңызға байланысты дейді. Сол себепті олар несие беруден бас тартып жатады.

Қара тізімге енбеу үшін не істеу қажет?

Несие бойынша ай сайынғы төлем несие тарихына тікелей әсер етеді. Сондықтан борышкер төлемді уақтылы және толықтай төлеуі тиіс. Себебі көп жағдайда қарызгер несиесін дәл сол төленуі тиіс мерзімде төлеп, техникалық проблемалар пайда болып, төлем келесі күні ғана жасалады. Кейде несиенің 200 теңгесі болсын төленбей қалып, ақшаның үстіне пайыздар қосылып, қарыз өсе береді. Ал оны жаптым деп ойлаған адам банк алдында әлі де қарызы бар екенін білмей, несиесі толығымен қайтарылмағанын кеш біліп жатады. Салдарынан банк қарыздың кеш төленгені туралы мәліметті несие тарихына енгізеді де борышкер бірден қара тізімге енеді. Сондықтан мамандар әрдайым несие тарихын тексеріп жүруге кеңес береді.

Әртүрлі ұйымдарда бірнеше кредиттің болуы да қарызгердің қара тізімге ену-енбеуіне әсерін тигізеді дейді.

Жұмысқа орналасу кезінде қара тізімде бар-жоғын тексеру не үшін қажет?

Бұл жұмыс беруші мен үміткердің құқығы ғана, яғни қажет болса, үміткер несие тарихын тексертуден бас тарта алады екен. Ол несиесін мерзімінен кешіктірген жағдайлар болса, жұмыс беруші неліктен олай болғанын, жағдайдың мән-жайын анықтап сұрауға құқылы. "Сені онда жұмысқа қабылдамаймыз" деп айтпайды. Бірақ расында кейде басшылық борышкер қызметкерлерді алғысы келмейді дейді сарапшылар.

Несие тарихы деген не және онда қандай мәліметтер сақталады? 

Несие тарихы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан келген ақпараттар негізінде пайда болады. Несие тарихын тазалауға немесе өзгертуге болмайды. Жалпы, несие тарихында несие мерзімін ұзарту қай айда, қандай сомада болғаны және қанша күнге созылғаны туралы ақпарат та көрсетіледі дейді сарапшылар.

Ол ақпарат несие тарихында несиені толық жапқаннан кейін де қалады екен.

Кредит алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?

Несие тарихы қандай жағдайда бұзылады? Оны түзеуге бола ма? 

Әр банктің несие тарихын бағалауда өз саясаты бар. Яғни, әр қаржы ұйымында несие тарихын бағалаудың өз талаптары бар, яғни, несие беру саясаты әртүрлі.

"Несиелік бюролар мен ҚР несиелік тарихтарды қалыптастыру туралы" ҚР Заңына сәйкес, несие тарихындағы мәлімет соңғы жаңартудан бастап 10 жыл көлемінде сақталады. Соның өзінде несие тарихы өшірілмейді екен.

Несие тарихы нашар болса қандай қауіптер бар?

Несие тарихы нашар болған жағдайда бірінші кезекте несие алуға мүмкіндік болмайды

Егер борышкердің несие төлеу мерзімі кешіктіріліп, несие тарихы нашарлаған болса, әрине, ол банктен болсын, микроқаржылық ұйымдардан болсын несие ала алмайды. Бірінші кезекте қара тізімге кіреді. Салдарынан тіпті жұмысқа орналасуда да кедергілер пайда болуы мүмкін екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети