РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ

Almaty Investment Forum 2019

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

27 қарашада Алматыда әлемнің түкпір-түкпірінен келген инвесторлармен Алматы қ. бизнес-қоғамдастығының кездесулері мен инновациялық жобалар таныстырылымына арналған бірегей алаң – Almaty Investment Forum 2019 болып өтті.

Форум барысында өткен Smart City («ақылды қала») дөңгелек үстелі шеңберінде «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Бас директоры Роман Володин ақылды қалаларды дамытуға арналған BIG DATA-талдау саласындағы Altel  компаниясының инновациялық өнімдері туралы таныстырылымымен сөз сөйледі. Smart City тұжырымдамасын дамытудағы басты кедергілердің бірі – датчиктердің қажетті санын орнатуға жұмсалатын бастапқы шығындар болып табылады.

«Ақылды болу үшін қалалар жалпы бір талапқа сәйкес келуі тиіс: ұзақ мерзімді келешекке арналған шешімдерді жасап шығаруға негіз болатын шынайы ақпаратты (датчиктерден) жинау керек. Smart City жүйесін құру үшін ақпаратты жинау мен талдаудың ең тиімді және қисынды әдісі – қалалықтардың мобильді құрылғыларымен белсенділігін зерттеу есебінен мобильді оператордың деректерін талдау болып табылады. Міне сондықтан, Ақылды қалаларды құру барысында біздің компания негізгі рөлді атқаратын болады», - деп мәлімдеді Володин мырза.

Ағымдағы сәтте Altel командасы Қазақстанның әртүрлі қалаларының Әкімдіктері үшін бірнеше бірегей жобаны іске асырды.

Ең көрнекі және жарқын жобалар:

  • Алматы қаласының аса ірі даңғылдары мен көшелеріндегі жолаушылар ағынын талдау. Онда жолаушылардың саны бойынша ғана емес, сонымен қатар гендерлік, жас белгілері бойынша, сондай-ақ табыс деңгейі бойынша деректер талданды (компанияда арнайы әзірленген бағалау алгоритмінің арқасында). Деректер әрбір зерттелген төңіректегі шарықтаулы жүктеме күндері мен сағаттарын көрсетеді. Сондай-ақ ағымдағы “Алматылықтың сипаттамасы” жасалды.
  • Қазіргі таңда деректерді талдаудың белсенді кезеңінде тұрған Жоба да жоғары қызығушылық тудыруда – ҚР негізгі туристік аймақтарының трафигі бойынша, ішкі / сыртқы туризм бөлігінде және демография жөніндегі деректерімен – яғни, «туристтің» сипаттамасымен. Бұл жоба туристік инфрақұрылым нүктелерін тиімді жоспарлауға және ыңғайлы логистикалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ақылды қалаларға арналған IT-шешімдер – инвестициялық бизнес-жобалар болып табылады. Инвесторларды тарту үшін әлеуетті мақсатты аудитория туралы, оның өкілдерінің қажеттіліктері туралы және белгілі бір қызметті пайдалануға жұмсалатын әлеуетті шығындар деңгейі туралы бастапқы деректер қажет. Деректерді верификациялау үшін және Жобалардың ұсынылған қаржылық үлгілерін растау үшін Altel әртүрлі талдау құралдарын әзірлеп енгізуде. Таяу болашақта бұл – инвестициялық Жобаның әлеуеті мен тұрақтылығын бағалаудың негізгі құралы болмаса да, аса маңызды құралы болатынына сенімдіміз.

 «Smart City тұжырымдамасын енгізудің негізгі шарттарының бірі – интернетке жаппай және сапалы  қол жеткізудің болуы және 5G желілерін дамытудың маңыздылығы болып табылатынын атап өткен жөн. Жаһандық деңгейде Juniper Research бағалауы бойынша, 2025 жылға қарай Smart City сегментіне тура келетін 5G желілеріндегі трафиктің үлесі 25,5% құрайды. Altel таяу болашақта Алматы және Шымкент қалаларында бірегей кейстері бар сынақ аймақтарын іске қосуды жоспарлауда. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында бір ай бұрын Altel жиіліктерінде алғашқы 5G коммерциялық аймағы іске қосылғанын еске сала кеткен жөн (Astana Hub аумағында). 5G аймақтарын құру жөніндегі үдерістің көшбасшысы – «Қазақтелеком» АҚ болып табылады, біз өз тарапымыздан техникалық бөлімшелеріміздің жоғары сараптамасы мен ағымдағы 4G желісінің жоғары сапасының арқасында осы үлкен Жобаға қатысып жатқанымызға қуаныштымыз ”, - деді Роман Володин.

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети