Шымкентте шағын футболдан республикалық турнир мәресіне жетті.
Сайыстың жартылай финалында Алматылық «Аламан» жəне «Апорт» командалары кездесіп, 3-1 есебімен «Аламан» командасы жеңіске жетті.
Екінші жартылай финалдық кездесуде Қызылордадан келген «Ақмешіт» және «Хабар» телеарнасының Астана командасы кездесіп, 1-5 есебімен «Хабарлықтар» жеңіске жетті.
Финалда «Аламан» және «Хабар Астана» командалары кездесті. Аса тартысты өткен кездесу 0:1 есебімен «Хабар Астана» командасының пайдасына шешілді.
Сонымен, «Хабар Астана» командасы шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Шымкент қаласы әкімінің Кубогы үшін өткен республикалық турнирде жеңіске жетіп, МИЛЛИОН теңгенің жүлдесін ұтып алды. Жарыс жеңімпаздарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов марапаттады.
"ШымкентАқпарат" ЖШС директоры, "Шымкент келбеті - Панорама Шымкента" газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова жекелеген футболшыларды арнайы номинациялармен марапаттады. Олар:
Үздік шабуылшы - БерікУәли (Жамбыл облысы);
Үздік ойыншы - ОлжасКултешов (Алматы облысы, "Спорт 59" командасы);
Үздік қорғаушы – Есенжол Елекенов (Орал қаласы);
Үздік қақпашы – Айдос Манат ("Егемен Қазақстан" газеті). Бұл номинация иелеріне 25 мыңнан қаржылай жүлде берілді.