Хамзин Жексенбай Хамзаұлы

  • Фото ветерана: Хамзин Жексенбай Хамзаұлы
    Хамзин Жексенбай Хамзаұлы

Хамзин Жексенбай Хамзаұлы 1926 жылы 15 сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Исатай ауданы (бұрынғы Новобогат) Тұщықұдық селолық советінде туған.1943 жылы 4 маусымда Гурьев облысы Новобогат ауданы Тұщықұдық ауылындағы Кагонович атындағы орта мектебін "ҮЗДІК" бітірген (№47 Оқу халық комиссариатының Куәлігі). Ұлты қазақ. Білімі орта. 1954 жылдан Коммунистік партиясының мүшесі.

1944 жылы 09 ақпанда Отан қорғаушылар қатарына шақырылып, арнайы әскери әзірліктен соң, 365-атқыштар полкінде атқыш міндетін атқарған. Майданда бір рет жарақат алған. (02.05.1945ж). Медальдары:

- Ерліктері үшін "Берлинді алғаны үшін" (09.06.1945);

- "За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов";

- "За участие Северной Армии и флота" (22.10.1948);

- 07.05.1985 ж "40 лет Победы в Великой отечественной Войны 1941-1945 годов";

- 04.08.1988 ж "70 лет Вооруженных сил СССР";

- 23.03.1995 ж "50 лет Победы в Великой отечественной Войны 1941-1945 годов";

- 22.02.1997 ж "Маршала Советского Союза Жукова Г.К."

Ордендері:

- 11.03.1985 ж. "Қажырлы еңбегі үшін 11 дәрежелі "Ұлы Отан соғысы".

Әскер қатарынан 1950 жылы оралған. (Военный билет НТ №3680030). 1984 ж "Құрмет кітабына" енгізілген. Сонымен қатар Хамзин Жексенбай ерекше жан: мінезі салмақты, ақылды, үлкенге қамқор, кішіге үлгі бола білетін азамат және ақындық қасиеті бар әрі қазақтың қара домбырасымен ән салатын.

Күй шерткен кезде тыңдаған адамның бойын еріксіз бір сезімге бөлейтін./бірнеше өлеңдер жинағы бар. Хамзин Жексенбай алты қыз бір, ұл тәрбиелеп үлгілі отағасы болды. Ол елге елеулі халқына қалаулы соғыс ардагері еді. Ол кісіні халқы да, ұрпағы да ұмытпай мәңгі есінде сақтап келеді. 09.08. 1999 жылы 73 жасында дүниеден өткен.

Нравится