Косшиев Тауман

  • Косшиев Тауман

Тауман Қосшыұлы Қосшиев деген кісі 1909 жылы бұрынғы Гурьев (Атырау) облысы Қызылқоға болысының Кермеқас ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Гурьев педкурсын бітіріп, ауыл мектептерінде мұғалім болған.

1939 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, әскери борышын өтеп жүргенде, Финн соғысына қатысқан. Одан соң, Отан алдындағы борышын атқаруды жалғастырғанда Ұлы Отан соғысы басталып, ұрысқа кіріседі. 1942 жылы Сталинград түбінде немістер қоршауында қалып, тұтқынға түскен. Тұтқында Гитлер командованиесінің күштеуімен немістерге (тігін цехында) жұмыс жасаған. 1944 жылы неміс тұтқынынан қашып шығып, Одақтастар Армиясы құрамында соғысады.                                      

Елге 1947 жылы оралған. Бірақ 1948 жылдың көктемінде КСРО ІІХК (НКВД) қызметкерлері "немістердің тұтқынында болып, қызмет етті" деген себеппен тұтқындап, 25 жылға сотталған. 1956 жылы Қызылқоға ауданының Қарабау селосына оралып, тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс жасаған. 2002 жылы қаңтарда қайтыс болды. Ұрпақтары Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында тұрады.

Нравится