Абилкасимов Токен

  • Фото ветерана: Абилкасимов Токен
    Абилкасимов Токен
  • Фото ветерана: Абилкасимов Токен
  • Фото ветерана: Абилкасимов Токен
  • Фото ветерана: Абилкасимов Токен
    Фото ветерана: Абилкасимов ТокенФото ветерана: Абилкасимов ТокенФото ветерана: Абилкасимов ТокенФото ветерана: Абилкасимов Токен

Әбілқасымов Төкен 1925 жылы Көкшетау облысы Рузай ауданының Сарыбұлақ ауылында туған. 9 ақпан 1943 жылы әскер қатарына алынған. 1943 жылы 18 тамызда Южный фронтының (4-ші Украинский фронты) соғысқа кіріп, Молочный өзенінен өтіп, қарашада Днепрге жетіп Херсоннан 40 км жердегі Большая Маячка селосына тоқтаған. 1944 жылы сәуірде Сивашта көпір салған. Мамырдың басында Қырымға шабуыл басталды. 13 мамырда Қырымды жаудан босатты. 22 мауысымда Симфоропольде екінші фронт ашылды. Шілдеде үшінші Белорус фронтына қосылады. 63 инженерлік-саперлік батальонын да сапер, қатардағы жауынгер болды. Тамыздың ортасы кезінде Каунас түбіндегі шабуылда жеңіл жарақат алған. Қазан айында Восточная Пруссияға кірген. Қарашадан (1945 ж.) сәуірге дейін Кинсберг-Варшава трассасында қорғаныста тұрған. 6 сәуір күні Кинсбергте шабуыл басталады. Осы күні түнде таңертен сағат 9-да басталатын шабуылда танкілер өту үшін жолды минадан тазартуға саперлерді жіберген. Сағат бір кезінде 7 сәуір күні снайпер оғынан (жарылғыш оқ) оң аяғынан жараланған. Жанындағы белорус жігіті де жараланады. Қырғыз жігіті Шерадиев жараны байлап, Тапяу госпиталына жеткізген. 1946 жылы госпитальдан шыққан. Наградалары: І дәрежелі Отан соғысы ордені, "За форсирование Немана", "Ерлігі үшін" медальдары және мерейтолық медальдар.

Нравится