Ертай Сәрсембаев 1894 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданының Сырдақ ауылында туған. 1942-1945 жылдары Ұлы отан соғысында жол салушы (строитель дороги) 41-шi ОДСБ батальонында соғысқа қатысты. Ленинград майданының Жол әскерінің 1945 жылғы 17 сәуірде №013 бұйрығы бойынша командованиенің жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін (За образцовое выполнение боевых заданий командования) "Үздік жол салушы" ("Отличный дорожник") төс белгісімен марапатталған. Совет Одағының Жоғарғы Советінің Президиумының атынан Федоров аудандық соғыс комиссариаты 1950 жылы "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін ("За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945") медалімен марапатталған. Соғысқа қатысқаны үшін 1941-1945 ж.ж. жеңістің 30 жылдық мерей тойына арналған медалімен ("ХХХ лет победы в Великой Отечественной войне") марапатталды. Совет Одағының қарулы күштерінің 60 жылдық (1918-1978ж.ж.) мерейтойына арналған медалімен ("Шестьдесят лет Вооруженных Сил СССР 1918-1978 гг") марапаталды. Совет халқының 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 40 жылдығына соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі Орденімен (За храбрость, стойкость и мужество, проявленные в борьбе с немецко-фашисткими захватчиками, и в ознаменование 40-летия победы советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов Указом Президиума Верховного Совета ССР от 11 марта 1985г. награжден орденом Отечественной войны ІІ степени) және медалiмен марапатталды. 1986 жылы 29 қаңтар қүнi Қарабалық аудандық ауруханасында қайтыс болды.