МАЙДАНГЕРДІҢ ШӨБЕРЕСІ ЕКЕНІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН
Менің атам Байтуков Карығұл 1914 жылы Қарқаралы уезі, Шет ауданы, Қызылтау болысында, №1 ауылда дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1929 жылдан бастаған. Қарқаралы қаласындағы жастар-шаруашылығының 4 сыныптық мектебін бітірген. 1932 жылдан 1935 жылға дейін №1 шахтада табельщик болып жұмыс істеген. 1935 жылдың наурызынан бастап 1 жылдық партиялық мектепте оқыды. Курсты аяқтағаннан кейін Қарағанды қаласының қалалық комитет комсомолына инструктор болып тағайындалды.
Шет ауданына көшуіне байланысты 1936 жылдан бастап аудандық халық комитетінің дайындауына өкілетті болып қызмет атқарды. 1938 жылдың тамызынан ОК ЛКСЖ бюросының шешімімен Қызылтау болысының ет-сүт комбинаты басшысының орынбасары қызметін атқарған. 1939 жылы бюро қаулысы негізінде Қарағанды комсомолының қол астына жұмысқа шақырылды. 1939 жылдың қазанынан 1941 жылдың қарашасына дейін №8 сауда бөлімін кооперативті түрде басқару бөлімінің (КУСТ) директоры қызметін атқарды. 1941 жылы Қарағанды қаласының Қызыл Армия коммунистік әскерінің қатарынан Сталиндік әскери комиссариатқа шақырылды.
102 атқыштар полкінде, 41 атқыштар дивизиясында қызметін атқарды. 1942 жылдың шілдесінен 1944 жылдың 6 ақпанына дейін кіші сержант болды. Беларус фронтында Орлов плацдармасын жоюға қатысты. Орел және Гомель қалалары елді мекендерін жау қолынан босатуға қатысқан. 1944 жылы 6 ақпанда жарақат алып, 1944 жылдың 11 мамырға дейін әскери емханада болды.
Марапаттары:
1948 жылы 2 шілдеде "3-ші даңқ орденінің иегері" (№5982891)
1985 жылы 11 наурыз "Отан соғысының 1-дәрежелі орден иегері" (№2157531)
1947 жылы 16 наурызда "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталады.
1967 жылы 23 ақпанда "Ұлы Отан соғысына 20 жыл" медалімен марапатталады.
1976 жылы 17 мамырда "Ұлы Отан соғысына 35 жыл" медалімен марапатталады.
1985 жылы 6 қараша "Ұлы Отан соғысына 40 жыл2 медалімен марапатталады.
1979 жылы 3 наурызда және 1988 жылы шілдеде "СССР қарулы күштеріне 60 және 70 жыл" медальдерімен марапатталады.
1945 жылдың мамыр айынан бастап 1948 жылдың қарашасы аралығында әскери күш қатарынан демобилизацияланғаннан кейін мынадай жұмыстарды атқарған:
"Ленинуголь" №3 сауда бөлімінің кооперативті түрде басқару бөлімінің басшысы.
Қарағанды қаласындағы №3 шаруашылық есептеу дүкенінің басшысы.
№28 Геолого-өндірістік шахтаның шаруашылық бөлімінің орынбасары.
Совхоздың экспедитор агенті "Путь к коммунизму".
1969 жылдан зейнеткерлік демалыста. 1994 жылы 14 шілдеде Қарағанды қаласында қайтыс болды.
Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында басымызды иеміз. Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман болсын!