Батырбеков Нурмолда

  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
    Батырбеков Нурмолда
  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
  • Фото ветерана: Батырбеков Нурмолда
    Фото ветерана: Батырбеков НурмолдаФото ветерана: Батырбеков НурмолдаФото ветерана: Батырбеков НурмолдаФото ветерана: Батырбеков НурмолдаФото ветерана: Батырбеков НурмолдаФото ветерана: Батырбеков Нурмолда

Әкем туралы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады

Менім әкем, Батырбеков Нұрмолда, 1923 жылы, бұрыңғы Талдықорған, қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданының Тасарық ауылында дүниеге келген. Жер жаннаты Жетісудың төл тумасы (руы: Найман ішіндегі Садыр). Ата-анасы қарапайым шаруа еді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарының қиын-қыстау зардабын бастарынан өткізіп, адамгерлік қасиеттерін төкпей, арттарынан 5 баланы амансау қалдырған.

Өкінішке орай, өз әкесінен ерте айрылып, менім әкем Сарқанттың балалар үйінің тарбиесін көрген. Жетімдік аш жалаңаш балалық шағын әлі де болса көз алдына елестетеді. Сонан соң, 1942 жылы, 18 жасында қанды майданға аттанады. Алғашқы әскери дайындықты Башқортстандағы Стерлитамак қаласында өтіп, Сталинград түбінен бірақ шығады. Сол шайқаста әкем, төзімділік пен ерлік танытып, немістің атақты фельдмаршалы Паулюс басқарған 6-ші армиясын қоршауға үлесін қосқан.

Осыған орай, есімнен әкемнін бір әңгмесі кетпейді. Бір күні кезегі келіп сырттағы сағатқа тұрады. Сол сәтте, жаудың снаряды тұп нұсқаумен батарея жауынгерлері демалуға орналасқан үйдің үстіне түседі. Сол сәтте сау қалған әкемді қудай сақтаған.

Жалпы, Ұлы Отан соғысына әкем бас-аяғы 1942-1945 жылдары қатысқан. Даңқты генерал Руссиянов басқарған, 1 Гвардияшыл мотомехкорпустың құрамында, полк дәрежедегі минометтің командиры ретінде Украина, Молдова, Румыния, Польша елдерін неміс-фашист аккупациядан азат еткен. Үшінші Украин майданның шеңберінде шабуыл үстінде Днепр, Днестр, Дунай алып өзендерді кешіп өткен.

Әкемнің айтуы бойінша, ең ауыр шайқастар Украинаның Донбасс, Харьков және Запорож түбінде болған. Сол кездегі, Запорожды немістен босату кезекті шабуылында жарақатты болып, әскери госпитальге түседі. Емделіп шыққан соң, өз соғысқан батареямен Яссо-Кишинев операциясын атқарудағы аса ірі жау топтарын қоршауға алып жойып жіберуге қатысады. Карпат тау бөктерінде, Трансильвания шексіз-шетсіз жазықтарындағы да шайқастарға аралсып Румынияны азат етуге үлес қосады.

1945 жылдың наурызында, әкем өз әскери бөлімшесінің жолдамасымен Варшава түбінен Ленинградтың әскери-саяси училищесіне аттанады. Ұлы Жеңісті сол оқу орынның қатарында жүріп қарсыалады. Ілғыйда, әңгіменің барысында, әкем өзін емес, өзімен бірге соғыста болып, шейіт болған майдандастарын ойынан бір шығармай, "қарағым, менен гөрі соларды еске алайық", деп қайта-қайта қолқа салады.

Сонда әкемнің айтатыны: "Көпшіліктің ішінде біздің қазақ жігіттерінің ешқайсысы теріс әрекетке бармай, ғажап ерлік көрсетті. Олардың ешқайсысы жау келіп қалды деп сасқан жоқ. Қазыр жасым бірталайға келді ғой, әлі күнге солардың ерлігіне таңқаламын. Қайтсек жауды жеңу, соңғы оғымыз қалғанша Отанымызды қорғайық деген ниет, ой ғана болды. Сол азаматтардың еліне, жеріне, Отанына, ата-анаға шын берілгендігін өз көзіммен көрдім. Не деген жігер, сүйіспеншілік!"

Көтерген тақырыпты әкем, әдетте, былай деп жалғастырады: "Көп майдангер жолдастарым соғыс жолдарында қаза тапқан. Олардың әрбір ұрыстағы, окоптағы жатқан жерлерінің бәрі әлі көз алдымда. Кейбірінің көзін өзім жаптым. 18-19 жастағы жігіттерді қалай өлімге қиюға болады. Мен тірі қалдым, олар өліп кетті. Олар әлі менім жүрегімде, сол себептен олар өлген жоқ".

Міне, осылайша менім әкем Отан үшін қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді өз қолымен жасауға атсалысты. Енді, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға Құдай нәсіп еткеніне шүкіршілік етеді. Әкем төрт жыл бойғы қан майдандағы ерлігі ерекше бағаналып, "Қызыл жұлдыз", "Ұлы Отан соғысы" ордендермен, "Ерлігі үшін", "Г.К.Жуков" атындағы және оншақты жуық медальмен марапатталған. Кейін, Отанның алдындағы көрсеткен ерең еңбегі үшін, "Қазақстан Республикасы дәрежедегі зейнеткер" атағына ие болды.

Майданда алған жарақат кесірінен денсаулығы сыр беріп, әкем осы күндері екінші топтағы "Ұлы Отан соғысының мүгідегі" болып табылады. Соған қарамастан, еліміздегі болып жатқан қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жас ұрпаққа үлгі боп биіктен көрініп жүр.

Анам екеуі үлгілі жанұя құрып, 65 жылдан аса өмірлік жолда бірге болған. Өкінішке орай, бүгін аяулы анамыз біз бен бірге жоқ, о дүниеге аттанғанына үш жылдай өтті. Бірақта, үрім-бұтақтары жайылып, арттарынан ұл-қызы, немере-шөберелері қалды. Ата-анамыз берген тәрбиенің арқасында, атап кеткен ұрпағы ел алдында өз үлесін қосып жатыр. Атап кетсек, еліміздің Ұлттық қауіпсіздік саласындағы әкемізден тараған бір тармағы, ата-бабаларымыздың абыройын түсірмей, нәтижелі жұмысын атқарып жүр.

Соңында айтарымыз, ғасырға жуық мәнді де мағыналы, Отанымыздың тарихындай айқасқа толы өмір сүрген Әкемізге дейтініміз - Жүз жасаңыз, ардақты Әке! Шаршамаңыз. Алла қуат берсін! Еліміздің мерейі де, берекесі де өзіңіздей күміс шашты аталарын сыйлап, құрметтеумен арта берсін!

Ғибратты ғұмырыңыз жастарға өнеге.
Ақ тілек білдірушілер: Нұрлан, Гүлнәр, Мәлік, Зәузат, Мәдина, Арсен, Әлихан, Айсара, Қайсар.

Нравится