Шамбылов Бәйділда

  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
    Шамбылов Бәйділда
  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
  • Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда
    Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда  Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда  Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда  Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда  Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда  Фото ветерана: Шамбылов Бәйділда

Шамбылов Байділда 1914 жылы Алматы облысы Кеген ауданында шаруалардың отбасында дүниеге келді. Әкесі Манақов Шамбыл. 1930 жылдан бастап бастауыш мектепті бітірген соң, Саты колхозында есепші болды. 1931- 1936 жылдары сауатсыздар мектебінде мұғалім болған. 1936 жылы Түрген педагогикалық училищесіне түсіп, 1939 жылы бітірген соң, Түрген орта мектебінде ұстаз болды. Сол жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Брест қаласындағы 125 атқыштар полкында әскери борышын өтей бастады. 1940 жылы Псков қаласындағы арнаулы авиация мектебінде оқып, 1941 жылы 319 авиа-барлау эскадрильясына жіберілген. Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол соғысты ИЛ-2 штурмовигінде атқыш-радист лауазымында бастаған. Соғыс кезінде мынадай майдандарда соғысқан.

• Орталық майданы - маусым 1941 - қазан 1942;
• Сталинград майданы - қазан 1942 - желтоқсан 1942;
• Дон майданы - желтоқсан 1942 - наурыз 1943;
• Батыс майданы - мамыр 1943 - тамыз 1944;
• І Беларусь майданы - август 1944 - мамыр 1945.
Соғыс барысында Варшаваны азат ету және Берлинді алу операцияларындағы еңбектері ерекше аталған. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері мынадай орден-медальдармен марапатталған.
• Ұлы Отан соғысы ордені - 41722;
• Ұлы Отан соғысы ордені - 661651;
• Даңқ ордені - 144598;
• Ерлігі үшін медалі - 353537;
• Берлинді алу медалі - А260271;
• Варшаваны азат ету медалі - Б048884;
• Германияны жеңу медалі - Ф0242703 және басқада юбилейлік медальдармен марапатталған. 1945 жылы соғысты жеңіспен аяқтап, аман-есен тұған жеріне оралған.

1946 жылы бейбіт еңбекке араласа жүріп, Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1939 жылдан партия мүшесі. 1968-1970 жылдары Марксизм-ленинизм университетін бітірген. Ұстаздық қызметпен қатар бастауыш партия ұйымында секретарь болған. Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздік қызметкері -1967 ж. Ол 40 жыл Саламатова Нәсілмен отасқан, алты ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұстаз. Ұлы Отан соғысының ардагері.

Түтқиылдан соғыс басталған кезде Байдiлда Шамбылов қаһарман Брест қамалының түбінде, шекарадан бар болғаны 150 километр жердегі Бороновичи қаласында тұрған едi. Ойда жоқта жау аэродромды бомбалап, самолеттерді істен шығарып кетті. Бар-жоғы төрт-ақ самолет аман қалды. Соның бipi А. Еремин басқарған экипаж едi. Атқыш-радисі Б. Шамбылов болатын. Олар немістермен самолеттің бензині біткенше соғысқанды. Бұдан кейін олар ұзақ жаяу жүріп, талайды басынан кешіп, өз бөлімшелерін әрең тапқан.

Бірак Еремин мен Шамбылов осы жаяу сапардың соңында Саратов түбінде ұйымдастырылған барлау полкінен бір-ақ шыққан. Содан былай қос қыранның көкте самғаған ерлік жорықтары басталған едi. Олар Ұлы Отан соғысының тағдырын шешкен Москва түбіндегі, Сталинградтағы, Курск иініндегі шайқастарға қатысып, Берлиннің тізе бүгуіне ат салысты. Арнаулы тапсырмамен жау тылына барлау жүргізді. Аса маңызды мәліметтер жинады. Ержүрек А.Еремин мен Б.Шамбыловтың ерлік істері туралы кегінде майдан газеті жиі жазған. "Сталинский сокол" газеті Байділданың суретін көрнекі етіп жариялап, "Әуе атқышы Б.Шамбылов жаудын терең тылына 60 рет жауынгерлгік барлау жасап, ipi ерліктер керсетті. Ол екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен жене "Epлiri үшін медалімен наградталды" деп жазды.

Жау тылына барлау жасау оңай шаруа емес. Олар тіпті, күніне үш-төрт рет жау тылына өтіп, дұшпанның шоғырланған күшін барлаған. Оны суретке түсіріп, штаб үшін аса құнды мәліметтер жинаған. Ұлы Отан соғысы кезінде Еремин мен Шамбылов төрт рет жаудың зенит оғына iлiндi. Дәл Курск түбінің өзінде жау оларды екi рет атып түсірді. Солардың барінен де жауынгерлік сапқа аман-есен оралды.

Бірде Курск бағытына карай үш самолет бірдей барлауға аттанды. Ұшқыштар жер бауырлай ұшып, жау шебіне жақындап қалған едi. Бір дөңнен асқанда немістің алты "тигрі" кезге шалынды. Сол жолы бұлар жау шебін әpi суретке тусіріп, әpi әлгі алты танкіні алты жерге өрт жалынға орап қайтты.

Ал неміс-фашистері шегіне-шегіне Висла өзенінің бойына барып бекінгенде де ойдан кетпес бiр оқиға болды. Жау тылынан хабарлаған мәліметке қарағанда, немістердің жер асты аэродромы бары анықталды. Бірақ оның қай жерде екенін ешкім білмеді. Бірнеше рет барлау самолеттері де жіберілді. Бірақ құпия-сырды аша алмай қайта оралды. Аса жауапты бұл тапсырма Еремин экипажына да жүктелді. Олар самғап, көкке көтерілді. Висла өзенінің алқабын түгел сүзіп, қылт еткен қыбырды таса жібермей барлады. Бірақ көңілге секем боп оралар ештеме байқай алмады.

Олар ұзақ шарлады. Кенет Байділданың көз алдынан қос сағым зу етіп ете шыққандай болды. Сол сәтте-ақ: "Саша, кері бұрыл", - деп, Байділда іле аэросурет түсіргіш аппараттың затворын да басып қалды. Еремин де кілт бұрылды. Олар біраз жер ілгері жүрген соң, қонуға ыңғайланып бара жатқан екі самолетті айқын аңғарды. Сол жолы жау самолеттерін қос қыран жер асты аэродромына індетіп қайтты. Ертесінде полк командирі подполковник Шерестюк қос жауынгерді сәтті сапарымен генерал Руденконың атынан құттықтады. Құз¬ғындар ұялағаннан кейін сол күні-түні біздің бомбар¬дировщиктер жау күшін інінен бірін шығармай, жойып жіберді.

Байділда мен Александр 1945 ж. 1 Май мерекесін Берлиннің үстінде қарсы алды. Сонда олар барлауға шығып едi. Бұл Берлинге жіберілген алғашқы барлау самолеттері болатын. Алты самолет жұптарың жазбай, жау ұясының үстін шарлап, Берлиннің кіндігіне дейін барып қайтқан. Қайтып келе жатып, 6ipiнiң үстінен 6ipi биiктей ұшып, саты-саты болып сап түзеген біздің қырандарды жарым жолда кездестірді. Бәрінің бағыты - Берлин еді. Еремин оларға жол ашып, кілт жоғары көтеріліп самолеттің күміс қанаттарымен белгі беріп, сәт-сапар тіледі.

Көктен де, жерден де үсті-үстіне ес жидырмай ұрған куатты күш фашистер ошағын күл-талқан етті. Жау лажсыз қол көтеріп, тізе бүкті. Желбіреген Қызыл ту рейхстагтың үстінен бүкіл әлемге жеңіс көктемін паш етті. Александр мен Байділда сол алқызыл жеңіс туын өз көздерімен көріп, туған Отанға қайта оралды.

Нравится