Солтанқұлов Әбіләкім

  • Солтанқұлов Әбіләкім

Өзі мерген, бүркітші болған. 37-жылдардағы нәубет кезінде Ақсай ауылын ашаршылықтан бүркітімен аң аулап, алып шыққан. Сталинград шайқасында көрсеткен ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" "I және II дәрежелі Даңқ Орденімен" наградталған. Атам 1943 жылы жараланып, ауылға қайтып келеді. Өзі майданда жүргенде балалары Белқожа, Әкімбектер соғысқа кеткенін білген соң, сұранып, қайта майданға аттанады. Соғыстан 1946 жылы аман-есен елге оралады. Ол кісіні бүкіл ауыл, аудан жұртшылығы қатты құрметтейтін еді. Атам туралы "Қазақфильм" киностудиясы "Бүркітші" деген телефильм де түсірген. Атам қапсағай денелі, ірі кісі еді. Кезінде Ораз Жандосовпен дос болған. Сол кісінің құрметіне шөбересінің атын Ораз қойған еді.
Атам 1998 жылы 97 жасында дүниеден өтті.

Нравится