Алаякова Турсын

  • Фото ветерана: Алаякова Турсын
    Алаякова Турсын
  • Фото ветерана: Алаякова Турсын
  • Фото ветерана: Алаякова Турсын
  • Фото ветерана: Алаякова Турсын
    Фото ветерана: Алаякова ТурсынФото ветерана: Алаякова ТурсынФото ветерана: Алаякова ТурсынФото ветерана: Алаякова Турсын

Моя мать Алаякова Турсын родилась в 1896 году в Кармакчинском районе Кызылординской области. С малых лет трудилась в родном ауле. Обучившись у знакомой родителей швеи, освоила азы мастерства шитья и вязания. После установления Советской власти вместе со своими земляками вступила в колхоз и там выполняла разные работы. Вместо с родными сельчанами терпела и пережила трудности общенародного голода. Им предстояло пережить трудности Великой Отечественной войны.

Она отправила на фронт своего сына Сулеймена, осталась в родном очаге с невестой Каншой и дочерьми Рабигой и Рахимой, внучкой Базар и нетерпением ждала скорой победы. Жизнь и работа в тылу была тяжелой, на колхозном поле работа велась вручную. Мужчин практически не было, одни старики и женщины делали всю тяжелую работу. Понимая тяжелый труд женщин с малолетними детьми, организовала в своем доме своеобразный детский сад, собрав маленьких грудных детей у работающих в колхозе женщин. В этом доме она ухаживала за маленькими детьми до возвращения их матерей с колхозного поля. Она пользовалась уважением среди жителей аула, всегда стала стояла у истоков добрых начинаний.

Ночью после работы вместе с другими женщинами вязала рукавицы, носки, шила первые необходимые воинам вещи, которые потом отправили на фронт. Таким образом, она внесла свой личный вклад во всеобщую победу и достойно перенесла все трудности, с огромной радостью встретила своего сына, вернувшегося с фронта после ранения и ставшего инвалидом. Эта радость поглотила ее ранее перенесенные трудности.

После войны она работала в колхозе до выхода на пенсию. Она до конца своей жизни активно участвовала в воспитании подрастающего поколения. Вырастила в своем доме шестерых детей, внуков, научила их достойно переносить трудности жизненного пути. Труженица тыла Алаякова Турсын скончалась в 1976 году.

Менің анам Алаяққызы Тұрсын 1896 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында туылған. Жас кезінен бастап еңбекке араласты. Анасының ақылымен ауылға келген тігін тігуші шеберден киім тігу шеберлігін үйреніп өсе келе шеберлігін шыңдай берді. Ауылдастарымен бірге ұжымдық шаруашылыққа кіреді, кейін елде орнаған ашаршылықтың қиындықтарын бөліседі. Ұлы Отан соғысы басталған кезден бастап ауылдағы бар тірлік жеңіс үшін еңбек ету үшін жұмылдырады. Қолына қару ұстар ер азаматтар соғысқа аттанған. Анамызда соғысқа ұлы Сүлеймен, қайнысы Аяғанды аттандырған, елде Рабиға, Рахима атты екі қызымен, келіні Қаншамен, немересі Базармен қалды. Ауылда техника жетіспейді, барлық жұмыс қолмен атқарылады, ұжым мүшелері ертеден түн ортасына дейін егіс басынан босамайды. Балалы әйелдердің ұжым жұмысындағы жағдайын жете сезінген анамыз ойлана келе үйіне жас балаларды жинап аналары жұмыстан оралғанша бағуды ұйымдастырады, бала бақша есебінде жұмыс атқарады. Сәл қолы қалт еткенде шұлық, қолғап, тағы басқа майдандағы солдаттарға керек бұйымдар тігіп, майданға жіберуге дайындайтын. Сұм соғыстың кезіндегі бар қиыншылықтар да артта қалды, соғыстан ұлы Сүлеймен аман оралды, ал қайнысы Аяған қабарсыз кетті. Бастысы еліміз аңсаған жеңіске жетті, ауылдастар енді бейбіт өмір тіршілігімен айналыса бастады. Анамыз шындық туын ұстаған, ештеңеден қаймықпай тура сөйлейтін, осынысың арқасында ауылдастары арасында беделі жоғары еді. Ол ауылдастарымен бірлесе отырып жас ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлді, жастардың тәрбиелі, мейірбан, ел силайтын жақсы азамат болып өсуіне өзінің лайықты үлесін қоса білді. Өзі алты бала өсіріп, немерелерін сүйді, балалары мен немерелері ана аманатын іске асырып, абыройлы өмір сүруде. Анамыз өмірден сексен жасында 1976 жылы озды.

Абылов Кызбала Кенжалиевич

Нравится