Қазанғапов Өмірзақ - 1904 жылы Абай облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталып, соғысқа кетеді. 1942 жылы Сталинград маңында із-түссіз жоғалып кетті деген қара қағаз келген.
"Хабар ошарсыз кетті, еш үміт болмады. 2020 жылы 25 мамырда Инстаграм жүйесінде 24семей парақшасында Казанғапов Өмірзақтың туыстарын іздейміз деп жазылып тұр екен, оны көрген шөбересі мен едім, бірден апама хабарластым. Ол кісінің жасы 82-де, "менің әкем ғой" деп таңғалды, бірден көрсетілген номерге хабарластым. Мәскеу қаласында Кобальт пойсковой отряд қызметкерлері екен, өзімді таныстырып шөбересі екенін, атамыздың қызы бар екенін айтып, оларда бір қуанып қалды.
Олар қалай атамыздың суйегін тауып алғанын айтып берді, өзі мен бірге заттары болған (каска, саперлык күрек, сабын салғыш, медаль, медальон ішінде аты жөні жазылған қағазы болды, сол кісі екенін анықталды. Олар тауып алған атамыздың суйегін, заттарын, туған жеріне еліне әкеп сүйегін жерлеуге ұсынды. Біз қуана қуана келісіп, атамыздың суйегін 7 шілде күні қорғаныс ұшағымен еліне жеріне ұшып келді, біз туыстарымызбен және әскери қызметкерлермен басымызды иіп карсы алдық. Ертесіне атамызды дом офицер үйінде еске алу күні өтті, барлық шаралар ұйымдастырылып, әскери құрметпен елінде жерінде қайта жерленді. Ал өзимен келген заттарын Семей қаласының офицерлер үйі музейіне өткіздік. Атамыз Смоленск қаласында 1942 жылы 14 тамызда қаза тапты, 75 жылдан соң (2020 жылы) сүйегі еліне жетті", - дейді шөбересі.