Жұматай Құтжанұлы - 1917 жылы 7 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданы Спасск кеңшарында дүниеге келген. 1941-1943 жылдар аралығында Құтжанов Жұматай мектеп директоры болды. Ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішкен заманда ұстаздар қауымы да Отан қорғау міндетін арқалап, майданның қанды даласына аттанды. 1943-1945 жылдары Жұматай ұстаз да Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданның ортасында болды. 1-ші Беларусь майданының 175-ші дивизиясында 277-ші атқыштар полкінің командирі болып, Польша жерін босатуға Германиядағы кескілескен ұрыстарға қатысады.
Соғыс және еңбек ардагері Қарағандының Молотов атындағы Мемлекеттік оқытушылар институтын бітірген. Бірнеше рет селолық Советтерде депутат болып сайланған. 1940-1977 жылдан бастап Ы.Алтынсарин мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. Оның ішінде 1941-1948 жылдары мектеп директоры болған. 1945-1952 жылдары Оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1956-1958 жылдары мектеп директоры. 1958-1977 жылдары физика, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Ұлы Отан соғысындағы наградалары мен еңбекте алған наградалары:
- "Богдан Хмельницкий" ордені,
- "Ұлы Отан соғысының І дәрежелі" ордені.
- "Знак почета" ордені.
- 1987 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Құрметті азаматы
- Қазақстан "Халық ағарту" ісінің үздігі.
Бойындағы асыл мінез, парасаттылық, ізгілік, мейірімділік қасиеттерді өмір бойы қатар алып жүрген, ұстаздардың ұстазы атанған абыз ақсақал Жұматай Құтжанұлы 2017 жылы 100-ге қараған шағында дүниеден озды.