Өміржанов Алтынхан

  • Өміржанов Алтынхан

Өміржанов Алтынхан - 1923 жылы 1 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Қарамойыл ауылында туған. Жеті жылдық мектепті тамамдаған соң, 1941 жылға дейін ауданда еңбек етеді. Кейін кавалерлік шеберлікке машықтандыру мақсатында Үржар аудандық әскери комиссариатына жіберіледі. 1942 жылдың сәуір айында майдан даласына аттанады. Алтынхан ата Челябинскідегі сержанттық курстан өтіп, 262-гвардиялық атқыштар полкі бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. 1944 жылы бірнеше рет жараланып, запасқа шығарылыпты. Әскери шені – сержант. Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинград майданында шайқасқан. Соғыста көрсеткен ерен ерліктері үшін 14 мерекелік медальдармен марапатталған.

  • "Соғыстағы ерліктері үшін",
  • "Маршал Жуков",
  • "Тың жерлерді игергені үшін",
  • "Еңбек ардагері",
  • "КСРО әскеріне 50, 70 жыл",
  • "Украинаны азат еткені үшін" т.б медальдарға ие болды.

Соғыстан оралған майдангер еңбекке араласты. Алтынхан Өміржанов "Красные горные орлы" фермасында бригаданы басқарды, мелиоратор болып та жұмыс істеді. 

"Жыл өткен сайын ардагерлеріміздің қатары да азайып барады. Бүгінде Үржар ауданында жасы жүзді алқымдап қалған екі ғана батыр атамыз қалды. Соның бірі - Кенигсберг, Сталинград шайқастарына қатысқан Алтынхан Өміржанов. Құдай қосқан жарымен он бала тәрбиелеп өсірген Алтынхан ата бүгінде немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Елі мен жері үшін қан майданда от кешіп, жантүршігерлік азапты басынан өткерген ардагерлеріміздің ерлігі - ұрпаққа үлгі. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан біз бейбітшіліктің қадірін біліп, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында  аянбай еңбек етуге тиіспіз", - деп жазды Шұғыла Сұлтанмахмұдова 2021 жылы шығарған мақаласында. 

Нравится