Байжуменов Елемес Байжұмаұлы - 1926 жылы қазіргі Абай облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде дүниеге келген.
"76 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан Соғысы басталған болатын. Кеңес Одағының әскері басқыншы фашистік Германияға қарсы соғысуға мәжбүр болған еді. Осы сұм соғысқа менің нағашы атам 1942 жылы аттанған болатын. Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында өз үлесін қосқан батырымыз деп білемін. Соғыстан кейінгі өмірінде 5 жыл Берлин қаласында тұрып, 1950 жылы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентіне отбасына оралған. 1976 жылы Ұлы Отан соғысының 31 жылдығында 50 жасында 8 мамырда дүниеден өтті", - деп жазады жиен-немересі Бақытжан Ерболқызы.
Қасқайып тұрушы еді алғы сапта.
Соңынан тізілетін жауынгерлер,
Отанның әр тұсынан келген ерлер,
Жарқырап өңірінде ордендері,
Бір кезде алып берген елге бедел.
"Олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалайды. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға мың да бір алғыс", - дейді Бақытжан Ерболқызы.