Құдайберген Әбдікәрім Құдайбергенұлы - 1923 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Кеңжарық селолық округінде дүниеге келген. 17 жасында мектепті тәмамдап, соғысқа аттанған. 1941 жылы соғысқа кетіп 1947 жылы елге оралды. І,ІІ Украина майданында болды. Австрия, Германия, Будапешт, Югославия майдандарында болды. Шайқас кезінде ауыр жарақат алған.
Соғыстан келгеннен кейін Кеңжарық ауылындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Басқарушы, кадр бөлімінің басшысы, парторг, сельсовет қызметтерінде еңбек атқарған. 1991 жылы 31наурызда 67 жасында қайтыс болады. Газеттерге шыққан "Қан тамған билет" атты мақалада оқ тесіп, қан тамған № 6853652 комсомолдық билет иесісі Құдайбергенов Әбдікәрім еді. А.Несіпбаев Ветеран авторы А.Абдысалимова.
Ордендері мен медальдары:
- Ковалер ордена Славы ІІ,ІІІ степени,
- Орден Отчественной войны І- степени, ІІ степени,
- медаль "За победу над Германией в Великой отечественной войне",
- медаль "За взятие Будапешта",
- медаль "За отвагу".
Әбдікәрім Құдайбергенұлына арнап Қарлығаш Абильдина жазған "Нағашым туралы сыр", немерелері арнаған "Біз атамызды мақтан етеміз" атты мақалалар жарыққа шыққан болатын.