Қалиева Шайза

  • Фото ветерана: Қалиева Шайза
    Қалиева Шайза

Калиева Шайза 1892 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауылында дүниеге келген. "Отан үшін, Жеңіс үшін" - деп, соғыс кезінде ауылда арқа сүйер еркектер қалмағанда, Айтбай (Өрнек) колхозында талай жыл аянбай еңбек етті.

Май мен ет тамақтарын ауылдан Майданға деп, мал бордақылап, қар астында қалған шөптерді қазып, шанаға артып, кыстың күні даладан өгіздермен тасыған.

Елде калған аналар күн шыкпай сиырларын сауып, жетектеп ауылға жақын жерде, бір тілді (одно корпусный) соқаға сиырларын жегіп, жер жыртып, егін де салып, майданға астық бидай дайындап, дайындаушы арқылы жіберетін.

1994 жылы 23 наурызда анамыз - Шайза қайтыс болып, Павлодар облысы, Ертіс ауданына қарасты "Қоскөл" ауылында құрметпен жерленді.

"Буынымыз қатпаған болса да, балалар жиналып, даладағы аналарымызға апарып, сиырларын жетектеп те, екі жағынан екі-екі бала айдасып, бір ана соқаны ұстап, қалған аналар егін егетін", - дейді ұлы. 

Нравится