Кошанова Калы

  • Фото ветерана: Кошанова Калы
    Кошанова Калы

Кошанова Калы - 1927 жылы Ескелдінің Саназар тармағынан шыккан ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі кеңес үкіметі орнаған кезде түрмеге жалған айыппен ұсталып, қамалған. XX ғасырдың 30 жылдары саяси қуғын-сүргінгде мал-мүлкінен айырылған. Туған жерін тастап, бір түйеге мініп Түрікменстанға жер ауады. Бала-шағасымен қаңғып, Қарабұғаз маңындағы шағаладан шығады. Анасы Қарабұғазда - сульфат жинауға араласып, көн көріс қамына кіріседі. 

Ол екі жасында анасынан айырылып, жетім қалған. Түрікменстанның Қошоба өңіріндегі нағашыларының қолында өскен. Ауылда жеті жылдық мектепте білім алған. Соғыс жылдары бұғанасы қатпаған ол жұмыс істей бастаған. 

Барлық күш майданға көмек беруге, кездескен қиындықтарды тез арада жеңіп шығуға жұмылдырылды. 1943 жылы қазан айында Красноводскідегі медбике даярлайтын медучилищенің жеделдетілген курсына оқуға түсіп, 1944 жылы наурызда тәмамдаған. 1949 жылға дейін Қошоба колхозында медицина саласында еңбек еткен.

Аудандық кеңестердің депутаты болып сайланған. 7 бала тәрбиелеген "Батыр ана".

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы "Ерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

1987 жылы атамекенге оралып, 1999 жылға дейін өмірінің аяғына дейін Ақтау каласы 28 шағын ауданында 17 үй 1 пәтерде тұрды.

Нравится