Абдрахманулы Конырбай

  • Фото ветерана: Абдрахманулы Конырбай
    Абдрахманулы Конырбай

Саяси қуғын-cүргін мен ашаршылык зардабынан Маңғыстаудан жер ауған Абдрахмановтар отбасы Қарабұғазға табан тіреген. Түркіменстанның Қызыл-Арбат рабфакты бітіргенен кейін мектепке бастауыш мұғалім болып еңбек жолын бастайды.

Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1941 жылы Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылы караша айында атқыштар дивизиясы құрамында Отан соғысына катысты.

Майданда көрсеткен ерліктері үшін 2 мәрте Қызыл ту, 1, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген жауынгерлік медальдарымен марапатталған.

Белорусь, Украина жерлерін фашистерден азат етуге қатысты. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырды. 7 бала өсірген әке. Қарулы Күштер қатарынан жасы жетіп босаған соң, біраз жылдар республикалык сауда министирлігінде жұмыс істеген.

1987 жылы атамекенге оралып, өмірінің аяғына дейін Ақтау каласы 28 шағын ауданында 17 үй 1 пәтерде тұрды.

Нравится