Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы

  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
    Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
  • Фото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы
    Фото ветерана: Қуанов Серікболсын НұрқасымұлыФото ветерана: Қуанов Серікболсын НұрқасымұлыФото ветерана: Қуанов Серікболсын НұрқасымұлыФото ветерана: Қуанов Серікболсын НұрқасымұлыФото ветерана: Қуанов Серікболсын НұрқасымұлыФото ветерана: Қуанов Серікболсын Нұрқасымұлы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына қарасты Биғаш аулының тұрғыны болған Қуанов Төкен (марқұм) ағамыздың шаңырағы біздің әулет үшін үлкен үй болып есептеледі. Атам Қабдолданың ағасының үйі. Төкен ағаның әкесі Нұрқасым атамыз соғыс басталғанда Петропавловка ауылдық кеңесінен еңбек армиясына алынғанымен, денсаулығы сыр беріп, көп ұзамай көз жұмады.

Ағасы Серікболсын соғысқа шақырылған кезде, Төкен ағамыз 1-2 жасар бала болған екен. Үлкен үйдегі Ырысқали әжемізді атамдар жеңгей деп атайтын. Соғыс жылдары екі үй бір-біріне селбесіп, талай қиындықты бірге өткерген. Төкен аға мен әкем Қуанышбек үлкендердің тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп, жұбы жазылмай бірге өскен. Төкен ағамыз бәрімізге бас болып, жанашырлық танытып отыратын. Ағамыз көп жыл тынбай еңбек етті. Биғаш ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Зейнетке шыққаннан кейін ауылдық "Ақсақалдар кеңесін" басқарды. Соғыс басталғанда Серікболсын аға (18-19 жасында) майданға аттанып, содан хабар-ошарсыз кетеді.

Кейін Төкен аға әскери комиссариат арқылы талай мәрте іздеу салғанымен, тиянақты жауап ала алмайды. Арада 60 жылға жуық уақыт өткеннен кейін соғыстан оралмаған жауынгерлерге арналған "Боздақтар" кітабының Семей облысы бойынша 4-томында "Қуанов Серікболсын, 1923 жылы Петропавловка селосында туған. №1168 атқыштар полкі, №346 атқыштар дивизиясы құрамында қатысқан. 1943 жылғы 11 тамызда қаза тапқан. Курск облысы, Дмитров қаласында жерленген" деп жазылған хабар қолға тиеді.

Ағамыз өшкені жанып, өлгені тірілгендей қуанады. Содан 2005 жылғы маусым айында Төкен аға мен Ғалия жеңгеміз Серікболсын ағаның басына құран оқытып қайтамыз деп жолға қамданып, Ресейдің Дмитров қаласына аттанып кетті. Әуелі елордадан Мәскеуге жүретін пойызға отырып, одан әрі Дмитров ауданына жол жүреді. Аталған қалаға келген бетте жергілікті әкімшілікке барады. Қала әкімі И.Колбасов, ардагерлер төрағасы Д.Бутакова Қазақстаннан келді деп үлкен кісілерді жылы қарсы алады. Келген жағдайды естіген соң, сол жердегі қонақүйге орналастырады. Аға-жеңгемізді әкімшілік өкілі алып жүріп, Дмитров қаласын азат ету кезінде құрбан болған жауынгерлер жерленген "Бауырластар зиратына" апарады, сондай-ақ қаланың мәдени нысандарымен таныстырады. Ресми дерек бойынша "Бауырластар зиратына" 500-ге жуық адамның мүрдесі қойылыпты. Жалпы Дмитров қаласы маңында жерленген боздақтар 25 шақырымға дейінгі аумақты алып жатқан көрінеді. Көпшілігі жақын маңдағы елді мекендерден әкелініп, қайта жерленіпті.

Сарбаздар әрбір елді мекенді азат ету үшін қиян-кескі ұрыс жүргізген. 1943 жылғы 12 тамыз күні таңғы сағат 6 кезінде 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы бастаған кеңес әскері Дмитров қаласын фашистік басқыншылардан азат еткен. Үлкен кісілер бауырластар зиратында Серікболсын атамыздың рухына құран бағыштап, туған жерден ала барған бір уыс топырақты салады. Өздері де шүберекке түйіп, топырақ алып қайтады. Келгеннен кейін үлкен үйде Биғаштағы ағайын-туғанның басын қосып, қатым түсірілді.

Төкен аға көптен бері көкейде жүрген арманы орындалғанын айтып, көзіне жас алған еді. Биыл 9 мамырда сұрапыл соғыстың аяқталғанына 76 жыл толады. Қазақстаннан аттанған 600 мыңға жуық отандасымыз соғыстан оралмады. Бүгінде соғысқа қатысты материалдар цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр. Іздеу жұмыстары бұрынғыдан жеңілдей түсті. Интернет арқылы керек мәліметтерді іздей аласың. Оған да шүкір. Жыл сайын біз де Жеңіс күнінде жеті шелпек пісіріп, аталарымызды еске аламыз. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!

*Кейбір деректер марқұм Қуанов Төкен ағаның жазбасынан алынды

Нравится