Менің атам, Сисанов Түсіпбек, 1925 жылы 1 қаңтарда, Тарбағатай ауданында, Жалғыз тал ауылында, қарапайым кедей отбасында дүниеге келген. 1943 жылдың ақпан айында Ұлы Отан соғысына аттанады. Алғашқы әскери дайындықты Украина жерінде өтеді. 1944 жылдың аяғына дейін әскери бөлімдері Армия резервьінде тұрады. Соғыстың аяғына қарай Чехославакияны азат етуге, Берлин қаласын алудағы қиян кескі шайқастарға қатысады. Соғыс аяқталғаннан соң, Берлин комендатурасында әрі қарай әскери қызыметін жалғастырады. Фашизмнен азат етілген Германияға социалистік тәртіпті енгізумен айналысады. 1946 - 1949 жылдар арасында Берлин қаласымен Брест қамалы арасында капитуляцияланған Германиядан , заводтар мен фабрикалардың құрал жабдықтары тиелген эшалондардың күзетінде қызымет жасаған. "Керемет бай мемлекет екен",- деп таң қалып отырушы еді, жарықтық. Елге 1949 жылдың мамыр айында, аман есен оралған.
Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын, ағайын!
Мой дед Сисанов Түсупбек родился 1 января 1925 года в районе Тарбагатай в селе Жалгызтал в бедной семье. В 1943 году в феврале отправился на войну. Он прошел подготовку в Украине. В конце 1944 года его отряд был в резерве армии. В конце войны участвовал в освобождении Чехословакии и в кровопролитной битве за взятие Берлина. После войны служил в Берлинской комендатуре. Вводил общественный порядок в освобожденной от фашизма Германии. В 1946 - 1949 годах из капитулировавшей Германии оборудование заводов и фабрик отправлялись эшелонами и он все это охранял.
В 1949 году вернулся на Родину.
Сабитова Фариха