Шайқаста болған жерлері: Калинин,Смоленск, Польша, Украина, Германияның астанасы Берлинге дейін жеткен. Алған медальдары: 1945 жылы 9 мамырда ҰОС қатысқаны үшін «За победу над Германий в ВОВ 1941-1945 гг» медалімен, Берлинді алуда ерлік көрсеткені үшін «За взятие Берлина» медалімен, Варшаваны азат етуге қатысқаны үшін «За освобождение Варшавы» медалімен, «Ұлы жеңіске 20, 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 1945-1950 жылдар аралығында Польшада Варшава қаласында әскери қызметте болды.