Түлкібаев Мыраш - қызыләскер, Қазалы ауданы аумағында 1921 жылы дүниеге келген, білімі орта, БЛКЖО (Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы) мүшесі, облыстық баспаханада әріп теруші, газет басушы болып істеген. Қызылорда ҚӘК (қалалық әскери комиссариат) арқылы 1941 жылы 27 маусымда майданға аттанып, 66495 "И" Д/П құрамында атқыш ретінде соғысқа қатысқан. 1944 жылы қазанда Латвия майданынды ұрыс даласында хабарсыз кеткен (ШЕБ-ның 1947 жылғы №39037 хабарламасы).