Шахманов Ғилым Шахманұлы

  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
    Шахманов Ғилым Шахманұлы
  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
  • Фото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы
    Фото ветерана: Шахманов Ғилым ШахманұлыФото ветерана: Шахманов Ғилым ШахманұлыФото ветерана: Шахманов Ғилым ШахманұлыФото ветерана: Шахманов Ғилым ШахманұлыФото ветерана: Шахманов Ғилым ШахманұлыФото ветерана: Шахманов Ғилым Шахманұлы

Шахманов Ғилым 1924 жылы Есбол ауданы Тума ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес армиясына алынып, Атыраудағы жаяу әскері кадрларын дайындайтын училищені тәмамдап, Ұлы Отан соғысына 1943 жылы сәуір айында кіші лейтенант шенімен взвод командирі болып пулемет минометі батальон Оңтүстік майдан шебіне соғысқа қатысып, 1944 жылы жарақатына байланысты Солтүстік-Кавказ округінен елге оралды.

Ауылға келіп мұғалім, партия секретарі "Передовик" колхоз, совхоз директорларының орынбасары қызметін атқарды. 1-дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордені, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары мен бірге "Еңбек қызыл ту" ордені, "Ленин 100 жылдығы" медалімен, "ВДНХ" күміс медалімен марапатталған болатын. Әлфия анамызбен ұл-қыз тәрбиелеп әдемі өмір сүрді. 2006 жылы 82 жасында дүниеден озды. 2017 жылы өзі туған Өрлік ауылына ардагердің атына көше берілді.

Нравится