Алаяков Тажибай

  • Фото ветерана: Алаяков Тажибай
    Алаяков Тажибай

Алаяков Тажибай родился в 1919 году на территории село Акжар Кармакчинского района Кызылординской области. Получив неполное среднее образование в школе родном ауле, работал учетчиком в родном колхозе. В 1938 году призван в ряды Советской армии и служил до начала войны. После начало войны прошел трудный путь отступление и познал горечь поражение. В 1942 году в ряде вновь сформированного подразделения в Сталинградском фронте участвовал в боях за Сталинград, и за проявленный героизм награжден медалью "За отвагу". После Сталинградской битвы участвовал в боях при Днепре, Днестре, Висле, Одер, дослужил до звания старшего сержанта . Во время боя за Одер получил ранение в ногу, попал в военный госпиталь, награжден второй медалью "За отвагу". После выписки из госпиталя как инвалид второй группы был демобилизован.

После приезда в родной аул устроился работать в Кармакчинском районном потребительском союзе, где работал в его разных подразделениях до выхода на пенсию. За добрособестную и успешную работу был поощрен вышестоящими органами. После выхода на пенсию Алаяков Тажибай не сидел дома, активно участвовал в общественной жизни, внес свою лепту в воспитании подрастающего молодого поколения в духе патриотизма. Вместе с женой Башановой Жумагул воспитал девять детей, которые продолжают его семейную династию. Родина высоко оценила ратный труд своего защитника, наградив его орденом "Отечественной войны" 1 степени, двумя медалями "За отвагу", медалью "За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов". Скончался в 1993 году.

 Алаяқов Тәжібай 1919 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақжар ауылы аймағында туылған. Туған ауылында орта мектепті бітіргеннен кейін егіс бригадасында есепші болып қызмет атқарған. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып, әскер қатарында мерзімді әскери қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарында болып, соғыстың басынан бастап ұрысқа араласты. Соғыстың бас кезіндегі жеңіліс, кейін шегіну қиындықтарын басынан өткізді. 1942 жылы Сталинград майданына жаңадан қайта жасақталған құрама құрамында жіберіліп, Сталинградты қорғаудағы ұрыстарда басынан аяғына дейін қатысты. Сталинградтағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Шабуылдаушы әскер қатарында жауынгерлік жолы Сталинградтан батысқа қарай Днепр, Днестр, Висла, Одер өзендері арқылы өтті. Одер өзенінен өту кезіндегі ұрыста аяғынан жараланып, әскери госпитальға түседі, 1945 жылдың басында екінші топтағы мүгедектігіне байланысты әскер қатарынан босап елге оралады. Әскери қызметті жақсы атқарып, ұрыстарда көрсеткен қаһармандығының нәтижесінде әскери дәрежесі қатардағы жауынгерден аға сержантқа дейін өседі, 1944 жылы екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Соғыстан кейін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, мерекелік медалдармен марапатталды.
Соғыстан оралғаннан кейін мүгедектігіне қарамастан, елдегі шаруашылық жұмыстарына қызу араласады, зейнетке шыққанша аудандық тұтынушылар қоғамының қарамағында сауда желілерінде әртүрлі қызмет атқарады. Абыройлы да нәтижелі еңбек еткені үшін жоғары органдар тарапынан марапаттарға ие болды. Өмірлік жолдасы Башанова Жұмагүл екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді, балаларының әрқайсысы бір үй болып, әке өмірін жалғастырып жатыр. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғам өміріне белсене араласып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлесін қосты. Алаяқов Тәжібай 1993 жылы өмірден озды.

Нравится