Менің туған атам Бекниязов Қали - Ұлы Отан соғысының және Тыл ардагері. 1901 жылы Қызылорда облысының Майкөл ауылында дүниеге келген. 1927 жылдан бастап паравоз машинисінің көмекшісі болып жұмысын бастаған. 1941 жылы соғысқа аттанып, Днепр өзенінің маңыңда шайқастарға қатысқан. 1943 жылы машинистердің жетіспеуіне байланысты жұмылдыру (мобилизация) жұмыстары болып, елге оралған. Паравоз машинисі атанған тұңғыш қазақ болып, Қызылорда қаласындағы көшенің атауы атамның есімімен атталды (қала әкімінің 1999 жылғы 4 сәуірдегі № 354 бұйрығы).
Облыстық музейде бұрыш беріліп, еңбек жолдары көрсетілген. Марқұм әкемнің айтуынша, атам Бекниязов Қали теміржолда паравоз машинисі болып жүргенде, 1927 жылы алғаш рет Қаныш Сәтбаевпен кездескен кезін және Қызылорда қаласында су бөгетін тоқтату кезінде Дінмұхамед Қонаев атамызбен болған оқиғалары есіме түседі. ("Қызылорда Таймс" газеті, 2004 жылы 2 желтоқсандағы нөмірі). Атам 1960 жылы дүниеден өтті. Атам қазақ "Ер есімі - ел есінде" дейді. Ізгі ниетпен немересі Бекниязов Бағдат.