Байниязов Дауылбай Алмаханұлы

  • Фото ветерана: Байниязов Дауылбай Алмаханұлы
    Байниязов Дауылбай Алмаханұлы
  • Фото ветерана: Байниязов Дауылбай Алмаханұлы
    Фото ветерана: Байниязов Дауылбай АлмаханұлыФото ветерана: Байниязов Дауылбай Алмаханұлы

Байниязов Дауылбай Алмаханұлы 1922 жылы қарашада туған. Бұрынғы Қаз КСР, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, бұрынғы Елтай колхозы, қазіргі Мөрәлі Шаменов ауылынан 1940 жылы Кеңес армиясына шақыртылып, 6 ай өткен соң Ақтөбе қаласында жасақталған генерал Ворошиловтің 101-ші атқыштар дивизиясы сапына қатардағы жауынгер ретінде майдан шебіне алынған.

1941-43 жылдары Сталинград, Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, кейін Курск доғасында соғысып, 1944-45 жылдары фашизмнен Еуропаны азат ету майданына қатысып, 1946 жылы қаңтарда еліне аман-есен оралады.

"Жауынгерлік ерлігі үшін", "Ерен еңбегі" медалі, Сталин мен Жуков атындағы ордендері, "Варшаваны азат еткені үшін", "Праганы азат еткені үшін" және т.б медальдарымен марапатталған.

Соғыстан оралған соң үлгілі отбасы құрып, 9 баланы тәрбиелеп өсірген ардақты әке. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы мен 65 жылдығына арнап өткізілген елордадағы салтанатты әскери шеруге арнайы шақыртылып, Қызылорда облысы атынан 20 ардагердің бірі болып қатысты. Елбасы Н. Назарбаев пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған қадірлі ақсақал, жауынгер ардагер! Ардақты ардагер әкеміз Байниязов Дауылбай Алмаханұлы 2012 жылы 30 шілдеде 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Деректерді жинастырып беруші - туған жиені Мұхтар Мүбәракұлы.

Нравится