Даулетбаев Бимұқан Аманғалиұлы

  • Фото ветерана: Даулетбаев Бимұқан Аманғалиұлы
    Даулетбаев Бимұқан Аманғалиұлы

Даулетбаев Бимұқан Аманғалиұлы 1925 жылы 2 мамырда Жаңақала ауданы 11 ауылына қарасты елді мекенде дүниеге келген. 1932 жылы Дәулетбай атамыздың отбасы Чапаев ауданының Ілбішін совхозына қоныс аударуға мәжбүр болған.

Бимұқан Аманғалиұлы осы ауылда 7 жылдық мектеп бітіргеннен кейін 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, радистік курста оқыған. Соғыс аяғына дейін радист-атқыш болып, 1945 жылы Сахалинде әскери қызметі жалғасқан.

1951 жылы елге қайтып, бейбіт еңбекке араласуын бастаған. 1951-52 жылдары Тайпақ ауданының Есенсай, 1952-53 жылдары Қаратөбе ауданының Аққозы, 1953-57 жылдары Чапаев ауданының Ілбішін, 1957-63 жылдары Қаратөбе ауданының Қоскөл, 1963-67 жылдары Тайпақ ауданының Өлеңті совхоздарында армияда игерген мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Осы қызметін 1967 жылы Жаңақала ауданының Красногор совхозында жалғастырып, 1985 жылы зейнеткер атанғанша атқарып келді.

Өмірінің соңына дейін облыстық ДОСААФ ұйымдастырып отырған радиоспорттық жарыстарға қатысып жүрді, бірнеше рет осы жарыстардың жүлдегері де болды. 1986 жылы Орал қаласында тұрған ұлының қолына көшіп барып, 1990 жылы 18 наурызда дүниеден озды.

Өмірбаянды жазған оның ұлы Давлетбаев Марат Бимуханович.

Нравится