Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері 75 жыл өтті. Алайда соғыс деғенді естіген адам бұл сөздің ішінде қаншама қайғы-қасірет, қанша асыл тастай жастарымыз Отан үшін, халқы үшін жанын қиғанын біледі, себебі ол әр жанұяға әсер етіп, әр өсіп келе жатқан ұрпаққа із қалтырды.
Біз де сол ұрпақтың біріміз, мен Сәлімова Меруерт Орынбекқызымын, әкеміз Орынбек Сәлімов 1926 жылы Семей облысы Аяқөз ауданы Сергиополь ауылында дуниеге келген. 1944 жылы 10 сәуірде майданға аттанады. Алғашқыда бір ай әскери дайындықтан өткен соң, 2-ші Беларусь майданына 89-ші гвардиялық, одан кейін 268-атқыштар полкінің 90-шы гвардиялық дивизия құрамында соғысты. Жаяу әскер қатарында атқыштар полкінде болды. Әкеміз көзі тірісінде соғыстың келтірген зардабы мен Ұлы Жеңіс туралы әңгімелеп берген еді. Көп естелігінің бірінде Кенигсбергке жасалған шабуыл туралы айтатын. Артиллерия қамалдарды бұзып, қаланың әрбір көшесі, әрбір үй үшін кескілескен шайқас болған. Жау пулеметшісі оқ жаудырып, кеңес әскеріне бас көтертпепті. Техникасы жетік, бес қаруы сақадай сай неміс әскері оңайшылықпен беріле қоймады. "Ерлігі үшін" медалі сондай шайқастардың бірінде қаруластарын шабуылға бастап шыққаны үшін берілген екен. Әкеміз Кенисбергті алуға қатысып, Берлинге дейін барған.
Ол Отан үшін жан аямай шайқасты. Ержүректігі мен қайсарлығы үшін "Ерлігі үшін", "Кенисбергті алғаны үшін", "Германияны алғаны үшін", "Совет Армиясының 30 жылдығы" медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін 239-шы атқыштар полкінде отряд командирі болып тағайындалған.
Содан 1944 жылы сәуірде соғысқа аттанған әкеміз 1950 жылдың наурызында ауылға оралған екен. Мына суретке әкеміз 1949 жылы 11 қарашада түскен екен. Әкеміз 1980 жылы бұл дүниеден өтті.
Алайда артынан өнегелі ұрпақ қалдырды. Батыл да қайсар екі ұлы әкеміздің Отан үшін, халқым үшін мен әрдайын дайынмын деген ұраннын жалғастыра білді. Біздің қазақ халқы данышпан ел, әрбір айтылған сөзінде терең ой жатады, халқымда "әкеге қарап ұл өсер" деген алтын сөз бар. Сол ата-анамыздың тәрбиесін көріп өскен екі бауырым да - Ауған соғысының ардагерлері.
Үлкен бауырым Орынғали Орынбекұлы 1962 жылы осы Сергиополь аулында дүниеге келді. Ол 1981 жылдың 12 сәуірінен 1983 жылдың 30 маусымына дейін Ауғанстанның Джеллабад провинциясында талай шайқасқа қатысты. Бауырым тірі кезінде "генерал Бақытжан Ертаев біздің батальон командиріміз болған. Ауған соғысы ардагерлерінің кездесуі болған кезде ол кісі ең алдымен өз батальонымен амандасуға келетін" деп мақтан етіп отыратын.
Тағдырдың жазуымен болар биыл үшінші жыл, бауырым Орынғали жүрек аурынан аяқ астынан қайтыс болды. Орынғали әкеміз сияқты техниканы жақсы қөретін. Әкемізбен мінездері де бірдей еді: ақкөңіл, жайдары, жомарт, көпшіл болатын. Ауған соғысында талай ерлігі үшін марапатталды. Әскерден кейін ауған ардагерлерімен бірігіп қоғамдық жұмыспен айналысты: сайлау кезінде бірнеше рет бақылаушы ретінде қатысты, облыстық ауған ардагерлерінің өкілі ретінде аудандарда жастардың арасында талай спортық мереке өткізді.