Махметов Рымбек

  • Фото ветерана: Махметов Рымбек
    Махметов Рымбек
  • Фото ветерана: Махметов Рымбек
  • Фото ветерана: Махметов Рымбек
  • Фото ветерана: Махметов Рымбек
  • Фото ветерана: Махметов Рымбек
    Фото ветерана: Махметов РымбекФото ветерана: Махметов РымбекФото ветерана: Махметов РымбекФото ветерана: Махметов РымбекФото ветерана: Махметов Рымбек

Менің атам Рымбек Махметов 1896 жылы Қазақ КСР Семей облысы, Абралы ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Курскідегі Франск орманында соғысты, шені кіші сержант болатын. Атамның ротасында 40 әскер болған.

1943 жылы туған жері Абралы ауданы, Қайнар селосына оралды. Соғыста атам сол қолының 2 саусағын жарақаттаған. Соғыстан оралған соң, атам Семей облысы Абай ауданының, Қарауыл селосында май және балмұздақ шығаратын өнеркәсіпте шебер қызметін атқарды. Кейінен сатушы қызметін де атқарған.

Атам 1943-1958 жылдары Қайнар ауданында, 1958 жылы Қиқашқанада тұрды. 1961 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданына көшіп келіп, ДЭУ-де қызмет атқарып, зейнетке шықты. Менің атам сол сұрапыл соғысқа қатысып, Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен марапатталған. Атам 1993 14 қаңтарда жылы дүниеден өтті. Атамның артында 3 ұлы, 1 қызы, 18 немересі, 38 шөбересі, 10 неменесі бар.

"Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
10 "А" сынып оқушысы Серикова Аяулым

Нравится