Оның есімі ұмытылмақ емес.
Содан бері арада көктемнің 70-ші сәті өтсе де, Ұлы отан соғысындағы Жеңіске деген құрмет артпаса, кеміген емес. Себебі, оның жолында 20 милионнан астам адам өмірін құрбан еткендігі тарихшылардың, әскери қайраткерлердің еңбектерінде, бүгінде қатары сиреген майдангерлердің әнгімелерінде бейнесін тапқан.
Ендеше, сөзімді "ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды", - дегеннің аясында соғыс алаңында шейт болған жерлесіміз Айтбек Нақышбеков туралы деректермен сабақтастырмақпын. Әрі бұл майданда 39-шы армияның 1340 атқыштар полкының 2-батальоны командирінің орынбасары капитан А. Нақышбековтың жауынгерлік жолдары ұлы қолбасшы Кеңестер Одағының үш мәрте батыры Маршал Г.К. Жуковтың естеліктеріндегі оқиғалар мерзімімен байланыстылығы орайлас.
Ол алғаш кеңес әскерінің қатарына 1937 жылы Аягөз әскери комиссариатынан шақырылғанды. Бұл жаппай репрессияның етек алып. Әскерде ренессанс құлашын жайып, екінші бесжылдық соңында Қызыл армияны толық сауаттандыру мен басқару құрамының 70-пайызы жұмысшы-шаруалардан жасақталып, 75 әскери училищелерге оқуға жаңадан шақырылған комсомол жастарды қабылдау жргізіліп, әскери бөлімдердің техникалармен қайта жабдықталып жатқан кезі болатын. Сондай-ақосы жылдың күзінде Беларуссия әскери округінде Германияның әскери штабының генералдары мен офицерлері бақылаушы ретінде қатыстырылуымен кең ауқымды жаттығу өткізілген де еді.
Әскердің осындай қайта құрылу тұсында оның қатарына алынған бозбала Айтбек дүрмектегі көптің бірі емес, өзінің ширақтығын, зерделігін аңғартқандығынан әскери мамандар оны бірден Тамбов жаяу әскерлері командирлерін дайындайтын училищеге жібергенді. Әскери оқудың қиындығына мойымай. әрі азаматтық борышын өтеуімен ол мұнда да жақсы қырларынан танылды. Өйткені. сол кездегі мұндай әскери оқу орындарында оқитын басқа ұлт өкілдері, соның ішінде қазақ жігіттері саусақпен санарлықтай еді.
Уақыт жылжып өтіп жатты. Германия мен Италия Испан республикасына интервенциялық әрекетін өрістетіп, Кеңес өкіметінің әскері Испания жеріне интернационалдық көмек негізінде интервенттермен соғысқа енгенді. Ал, 1939 жылы ақ финдер Кеңестер одағына, жапон импералистері Қиыр Шығыс пен Монғол Халық Республикасының тәуелсіздігі мен бостандығына қауіп туғызып жарияланбаған соғыс ашқанды. Бұл кезде А. Нақышбеков қысқа мерзімде училищені бітіріп, лейтенант шенімен ақ финдермен жүргізіліп жатқан майдан даласына аттанғанды. Майданда ол өмір мен өлім арпалысқан сәттерді талай мәрте басынан кешірді. Бірақ осындай сынақтан өзінің екі жылдан соң қайталап неміс-фашистерімен Смоленск түбіндегі ұрыстарда өтетінін білмегені анық еді.
Соғыстың алғашқы айларында, әсіресе алғы шепте лейтенант А. Нақышбеков тікелей қатынасқан майдан ұрыстары туралы Маршал Г.К. Жуков өз естелігінде:
"Смоленское сражение занимает важное место в операциях лета 1941 года. Хотя разгромить противника, как это планировала Ставка, не удалось, но его ударные группировки были сильно измотаны. По признанию немецких генералов, в Смоленском сражении гитлеровцы потеряли 250 тысяч солдат и офицеров. 30 июля гитлеровское командование отдало приказ группе армий "Центр" перейти к обороне. Итоги Смоленского сражения, возросшая активность и сила сопротивления войск Северного, Северо-Западного фронтов, Балтийского флота и авиации знаменовали собой серьезную брешь в плане "Барбаросса", - деп маңызын атап көрсеткен.
Алғаш неміс басқыншыларына қайтара соққы беріп, қорғанысқа көшкен кеңес әскері сапындағы кейіпкерім уақытша тыныштық орнаған тұстарда есіне ел-жұртын алатын. Көз алдына соғыс қарсаңында танысып, жанұя құрған жары поляк қызы Елизаветаның бейнесін елестететінді. Әрі көңіліне жарының неке құжаттарына Нақышбекова Елизавета Савелейқызы (Савельевна) болып жазылғандығы мен Аягөздегі ағасы Молдабектің әйелі Саулеханмен таныстырып келіншегін қолына табыстағанын демеу тұтатын. Өкініштісі, ағасы Молдабекпен жүздесе алмағандығы. Ал ол кезде ағасында әскерде еді.
Тыныштық бұзылды. Жау жақ атуын қайта үдетті. Жан-жақта жарылған мина. Әлгінде ғана тілдескен жауынгерінің мина жарықшағынан шек-қарыны ақтарылып көз жұмыпты.
көрініс. Осыдан кейін "соғыс шығынсыз болмайды" дегенге неге келіспеске...
"Шабуылға" деген бұйрық. Ол өз ротасын бастап алға ұмтылды. Неміс бекінестіріне дейін 150 метр қалғанда мұрттай ұшып көбесі сөгілген қарды қауа құлағанын ғана біледі.
Кейін дала госпиталында үш тәуліктен соң есін жиғанда сол жақ бүйрінен тиген қорғасын оқ іш-құрлысын паршалап бүлдірмеседе айтарлықтай жарақаттапты. "Көрер жарығың, су ішерлігі бар екен" демей ме мұндайда үлкендеріміз.
Расында, адамға жарық дүние қандай ыстық десеңізші. Оның үстіне елге барғанында ағайындарына "ағам Молдабектің баласы Мақсұтбекті соғыстан аман оралсам қолыма аламын" деген уәдесі Айтбектің ойына оралды.
Ол үш айлық емделуден соң өзінің бөліміне қайтты. Бөлімдері жаңадан келгендермен толықтырылған. Полк басшылығы А. Нақышбековке капитан шенін беріп, 2-ші батальон командирінің орынбасары етіп тағайындады. Жаңа міндеттің жауапкершілігі де орасан. Мұны ол талай мәрте сезінді. Соның бірі кезекті шабуылдың ұрыс жүргізу тактикасын өзі жасап, жаудың маңызды атыс нүктелерін жоюдағы жаяу әскерді бастаған ерлігі үшін полк басшысы оның 1-дәрежелі "Отан соғысы" орденіне ұсынылғанын жауынгерлер алдында жариялады. Бұл 1943 жылдың 21 маусымы болатын.
Қаһарлы соғыстың үшінші жылы. Кеңес әскерлері шабуылдарын үдеткен кезі. Нәтижесінде талай село мен қала фашистерден азат етілді.
Сондай азат ету шайқасы Смоленск облысының Пречистин ауданында өрістелініп оған капитан А. Нақышбеков қызмет ететін полк баталондары қатыстырылды. Соғыс тәңірісі артилерияның жау шептерін соққылауынан соң жаяу әскер шабуылға көтерілді. Баталонды алға бастаған командир ауыр жараланып саптан шықты. Іргелілеуді тоқтатуіа болмайтынын тез бағамдаған Айтбек тапсырманы орындауды жедел қолға алды.
Өзі бастап жауынгерлерді жау бекіністерін басып алу ұшін алға ұмтылды. Алайда, қарсы шептегі жау пуоеметі көмейінен оқ бүркіп шабуылдаушыларды бір қадам алға бастырар емес. Оның көхін жоюға тапсырма алған екі жауынгер қаза болды. Мұны байқаған А. Нақышбеков олардың жанына көз ілеспес жылдамдықта жер бауырлай жетіп, танкіге қарсы қолданылатын гранатаның екеуін едел-жедел ажал отын сеуіп тұрған нүктеге құлаштай лақтырды. Бірақ есіл ердің өзін жау оғы қырқып түсті. Осылайша, ол өзін құрбан етіп өзгелерге жол ашты. Ол жылы арқаның азаматы Айтбек Нақышбеков небәрі 25 жаста еді. Есіл ердің денесі неміс фашистерінен азат етілеуіне өзі жол ашқан Смоленск облысының Селивониколь деревниясына жерленді.
Бейбіт заман. Осы мамыржай тіршілікке қол жеткізу жолында қаншама боздақтар жандарын пида етті десеңізші...
Бір ғана Шығыс Қазақстан облысынан 96282 жауынгер майдан даласында опат болды. Олардың есімдері ұрпақтар жадында мәнгі сақталады хақ.
Соның бір дәләлі неміс фашист басқыншыларымен болған ұрыста қаза болған капитан Айтбек Нақышбековтың жоғарыда аталған марапаты 1-дәрежелі "Отан соғысы" ордені 1991 жылдың желтоқсаныңда Аякөз қаласында туратын мұрагері Бейсембек Нақышбековке салтанатты жағдайда табыс етілгенді.
Сондай-ақ батыр ағаларын мәнгі есте сақтау мақсатында Нақышбек әулетінің үлкендері - майдангер Молдабектің шөбересінің атын Айтбек қойып ұрпақтар сабақтастығы шынайлықта паш етілді.