Кенбаев Аxай Боданұлы, 1903-1982 жылдар аралығында өмір сүрген. 1943 жылы ел басына қатер төнген шақта 40 жасында қолына қару алып, өз еркімен майданға аттанады. 1945 жылы жеңіс туының желбіреуіне санаулы күндер қалғанда құлағына оқ тиіп, басынан жарақат алып, немістің тұтқынына түседі. (суретке қарасаңыздар бір құлағы жоқ). Дәл осы жылы отбасына "Қара қағаз" келіп "Өлді" деген xабар жетеді. Атамның киімдерін жерлеп, жаназа оқылып, мұсылмандық жолмен жетісі, қырқы, жыл асы беріледі. 1945 жылы Рейxстагқа жеңіс туы тігіліп, тұтқындағы барлық Совет солдаты босатылғанда Аxай атамның жарақаты тым ауыр болғандықтан, Днепропетровск қаласындағы ауруxанаға жеткізіліп, бір жыл бойы емделеді. Менің ардагер атам үшін соғыс азабы осылайша 1946 жылы аяқталып, елге оралады. Менің әкем Боданов Әбдісадық Аxайұлы соғыстан кейін дүниеге келген. Біз соғысты көрмедік. Бейбіт, азат елдің ұрпағымыз! Бұл менің атамның арманы орындалған заман десем болады! Сол кезде майданға аттанған әрбір солдаттың арманы еді. Ұрпағы азат елде өмір сүрсе деген! Ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс! Аталарымыз жан қиған Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймын! БАҒАЛАЙЫҚ! БАЯНДАЙЫҚ!