Наурызбеков Елеукен

  • Фото ветерана: Наурызбеков Елеукен
    Наурызбеков Елеукен

Наурызбеков Елеукен 1917 жылы туған. Соғысқа 1942 жылы 24 наурызда алынған. Содан Шкалы облысының Сақлар рудасында, яғни (Орынборда) 365-ші Запасной полкте 3 айлық әзірліктен өткен. Содан кейін Москва түбінде Кратов қаласына тоқтап, кіші командирлер даярлайтын 208-ші полкте даярлықтан өтіп, Сержант деген атақ алып, сол жылы 1942 жылы 16 тамызда Москвадан 30 шақырым жерде майданға қатысқан. 1943 жылы 24 наурызда шешуші айқасқа кірген, осы айқаста Москва облысы түгелдей азат етіліп, Беларуссия республикасына кірген. Содан Беларуссияны азат етіп 1945 жылы Литваға кірген. Литваны азат етіп, Совет Германия шекарасын бұзып, Шығыс Пруссияға кірген. Шығыс Пруссияны түгелдей босатып, 1945 жылы 9 сәуірде Кенисбергке штурм жасаған. 12 сәуір күні қаланы түгел босатып, Балтық теңізінің жағасында Золивфеймхауға шығып 2 күн демалып, сәуірдің 15 күні эшалонға тиеліп Японияға кеткен. 1945 жылы тамыз айының 9 күні Японияға шабуыл жасап, көптеген қалаларды босатып, одан кейін Япония тізе бүкті, соғыс осымен аяқталды. Соғыстағы ерліктері үшін екі қызыл жұлдыз, бірнеше медальдармен марапатталған. 1946 жылы 16 маусымда, елге оралып еңбекке араласқан. Сол жерде 1959 жылға дейін еңбек еткен. 1959 жылы осы Теңдікке көшіп келіп, совхозда еңбек етіп, Зейнеткерлікке шыққан. Жұбайы Сәнбалаш екеуі 7 ұл-қыз өсіріп, олардан бірнеше немере-жиен, шөбере көрген. 2004 жылы 19 ақпанда өмірден озды.

Нравится