Жумадильдинов Кияш

  • Фото ветерана: Жумадильдинов Кияш
    Жумадильдинов Кияш
  • Фото ветерана: Жумадильдинов Кияш
  • Фото ветерана: Жумадильдинов Кияш
  • Фото ветерана: Жумадильдинов Кияш
  • Фото ветерана: Жумадильдинов Кияш
    Фото ветерана: Жумадильдинов КияшФото ветерана: Жумадильдинов КияшФото ветерана: Жумадильдинов КияшФото ветерана: Жумадильдинов КияшФото ветерана: Жумадильдинов Кияш

Тарихи әскери құжат сыры. "Батырлар есімі мәнгі жасайды" дегендей, Ұлы Отан Соғысы жеңісіне 70 жылдығы тойланып өтседе ерлік жаңара беретініне тарих куә, әскери құжат сарғыш тартқан. Жас өспірім 23 жастағы Қияш Жумадильдинов 1940 жылы көктемде міндетті әскери борышын өтеуге Жанаарқа аудандық әскери комиссариатынан шақырылып әскери дайындықтан өткеннен кейін Украинада 20 май 1940 жылы Отан алдындағы адалдық антын қабылдап, қызыметіне кіріседі. Өзін қызыметіне адал, тәртіпті, елгезектігімен әскери әкімшіліктің көзіне түсіп, Мәскеу қаласындағы Сум артиллериялық училищесіне артилерия атқышы оқуына жіберіледі. Училищені жаксы бітіргеннен кейін, алғашқы Украинада 901-ші артиллериалық атқыштар полкінде, кейіннен 182 гвардиялық полкінде бөлімше командирі орынбасары сержант шенінде 1940-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, 3 июль 1941 жылы бірінші Украин соғысы құрамында, 1942 жылы 10 авгусынан 1944 жылдың февралына дейін Солтүстік Батыс Ленинград соғысы құрамында болып, Ленинградты қоршаудан шығаруға қатысты. Алғашқы рет Соғыс Министрі бұйрығымен № 06-4 23 февраль 1944 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. 20 декабрь 1944 жылы бірінші Украин соғысы құрамына жіберіледі, әскери басқарманың ерекше тапсырмасын орындағаны үшін Соғыс Қорғаныс Министрінің 5 февраль 1945 жылғы № 04 314 СКД бұйрығымен Данқ Орденінің үшінші дәрежелі орденімен марапатталады. Екінше рет Германияда Соғыс Қорғаныс Министрінің № 041 бұйрығымен 14 апрельде 1945 жылы Данқ Орденінің екінші дәрежелі орденімен мапатталады. Ұлы Отан соғысын Германияда Берлинде аяқтап, Соғыс Қорғаныс Министрінің 9 май 1945 жылғы ЦГВ бұйрығымен "Германиядағы Ерлігі үшін" медалымен марапатталады. Ұлы Отан Соғысынан аман есен оралғаннан кейін, Қарағанды облысы, Жанаарқа районы, 189 разъезінде жұмыс атқарып, 1967 жылдан 1977 жылдар аралығында "Женіс" станциясында темір жолды реттеп қозғалысқа келтіріп, халық шаруашылығының жүгін тасымалдауда өз үлесін қосты. Жанаарқа әскери комиссариаты есебінде Ұлы Отан Соғысында қатысқандардың алғашқы толқынында болып, жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге өз үлесін қосып, Түгіскен орта мектебі оқушыларының сүйікті ардагері болып, 1973 жылы 23 февраль Қызыл Армия құрылған күніне арналған мерекеде былай деген екен. "Біз Отанды қорғауда жанымызды аяған жоқпыз. Ұлы Отан Соғысының алғашқы күнінен бастап қатысып Украина, Ленинград, Польша, Варшава, Германия елдерін жаяу жүріп өттік. Біздің осы көрген бейнетімізді сендерге бермесін, бейбітшілік болсын деп",- кездесулерде Ұлы Отан Соғысындағы жаумен соғыстағы көрген қиыншылықтарын әңгімелеп оқушыларды қиыншылықты женуге үндейтін. Орнында бар оналар дегендей, от басында Беғұлы, Бикен, Бибігүл, Дәмелі, Нұрмағанбет ұл қыздарын оқытып, тәрбиелеп өсірген еді. Осы аталған балаларынан қазиргі кезде 18 немере, 25-тен аса шөбересі бар. Өзі өлседе, ( 22 сәуір1993 жылы) ісі өлмейді, ерлігі келесі ұрпаққа өнеге, заманында елі үшін, Отан үшін от кешкен жайсан жан еді. Әскери құжат сырын жазған: Аманжол Баймұрынұлы Мәтінді терген, Канат Амиров (Қияштың немересі).

Нравится