Кенжебаев Мұхтар

  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
    Кенжебаев Мұхтар
  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
  • Фото ветерана: Кенжебаев Мұхтар
    Фото ветерана: Кенжебаев МұхтарФото ветерана: Кенжебаев МұхтарФото ветерана: Кенжебаев МұхтарФото ветерана: Кенжебаев МұхтарФото ветерана: Кенжебаев МұхтарФото ветерана: Кенжебаев Мұхтар

Чехословакияны азат еткен қазақ жауынгері. 1941 жыл. Жау әскері Мәскеуді шабуылдай бастаған болатын. Мың шақырымға жуық созылған, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта Кеңес әскері жауға қарсы қатаң қорғаныс ұрыстарын жүргізе білді. Сол аласапыран кезең Мұхтар Кенжебаевтің жадында мәңігілік сақталған еді. 1942 жылдың басында неміс әскері екпіндете шабуылын жалғастырған кезде, оларға тойтарыс беруге жанталасқан мыңдаған Кеңес жауынгері қорғаныс шебін күшейткен еді. Осындай қарбалас кезде полк мектебін жаңа бітірген Мұхтар Кенжебаев бөлімше командирі болып тағайындалды. Мұхтар Кенжебаев қызмет еткен қосымша кавалерия полкіне ауыр міндет жүктелді. Олар бірінші болып жауға шабуыл жасап, ұрыс шебін негізгі күш келгенше сақтап қалуы тиіс еді. Полктің негізгі қарулары - карабиндер, автоматтар, станок пулеметтер. Полк бір күнде он шақты рет жауға қарқынды шабуыл жасап, туған жердің әр қадымын фашисттерден қорғап қалуды мақсат етті. Сержант Мұхтар Кенжебаев майдандас жолдастарының өлімін көрді, өзі де талай рет ажал ауызанан қалды. Майданда өткізген әр күн, әр сағат сайын оның жүрегінде фашистерге деген өшпенділік күшейте түсті. Бөлімше командирі Мұхтар Кенжебаев алғашқы қуанышты хабарды 1941 жылғы желтоқсанда, госпитальде жатқанда естіген. Радиодан Мәскеу түбінде фашистік басқыншылар Кеңес әскерінің жойқын соққысына шыдай алмай, жаудың беті қайтқанын естіді. Жаңалықты ести сала, госпиталь бүтіндей жанданып кеткен, ауыр жараланғандардың өздері жадырап қоя берген. Әр жауынгер тезірек аяқтарынан тұрып, қайта әскер қатарына оралуын армандады, себебі Кеңес елі қиын кезеңді бастан кешіріп, шиеленіскен жағдайда жараланғандардың көмегіне де зәру болатын. Жарақатынан айығып кеткеннен кейін Мұхтар Кенжебаев өзінің бөлімшесіне оралады. Оны эскадрондағы взвод командирінің көмекшісі етіп тағайындайды. Сол кездері Кеңес Одағының Батыры Кошевой взвод командирі еді. М.Кенжебаев полкпен бірге Сталинград түбіндегі неміс басқыншыларына тойтарыс беруге қатысады, сол кездері шайқастың болашақта қандай тарихи маңызды болатынын ешкім де білмеген еді. Сталинград, Дон және Оңтүстік-Батыс майдандарының әскерімен қоршауға алынған 22 жау дивизиясы тас-талқан етіледі. Кеңес Қарулы күштерінің жетістіктері Мұхтар Кенжебаев үшін аса қуанышты жағдай екені түсінікті болды. Өйткені аты аңызға айналған ұрыстарға қатысқан ол, қиындықпен келген жетістіктердің бағасын біледі. Жеңіс үшін қаншама адам жаны құрбан етілді! Кейін Мұхтар Кенжебаев жолдастарымен бірге жауды Дон арқылы қуып, Белгород, Харьков, Киев және басқа да қалалар мен ауылдарды азат етуге қатысты. Қайтарылған туған жердің әр бөлшегі үшін қаншама қан мен тер төгілді. Қазақ жауынгері Мұхтар Кенжебаев өзін еш аяған емес, ол Украинадағы майданда фашистердің бірі қалмағанша ерлікпен күресті. Взвод командирінің көмекшісі Мұхтар Кенжебаев Украинаны азат еткені үшін Үкіметтік жоғарғы марапаты - ІІ дәрежелі Отан Соғысы орденімен наградталды. Соғыс аяқталғанда, майдангер туған еліне - Трофимовка совхозына қарасты Покровка ауылына оралады. Өзінің бұрынғы мамандығы - мал дәрігері қызметіне кіріскен. Коммунист еңбек белсендісі өз ісіне жауапты, тиянақты болды. 1965 жылы мамырда Ұлы Жеңістің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында Мұхтар Кенжебаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен наградталды. Содан кейін Кенжебаевтар отбасын тағы бір жағымды жаңалық күтіп тұр еді. Чехословакия үкіметі бұрынғы қазақстандық ержүрек жауынгерді Дукель ескерткіш медалімен, Чехословакияны азат еткені үшін дипломмен марапаттады. Бұл марапат соғыс ардагерінің рухын одан да жоғары көтерді. Апыр-ай, Будапешт, Прага және басқа да бауырлас социалистік елдерді азат етуге қатысқаны ұмытылмаған екен, оны ұмытпаған! Иә, ештеңе ұмытылмайды, ешкім де ұмыт қалмайды. Мұхтар Кенжебаев 1910 жылы Качир ауданына қарасты Көкбие ауылында дүниеге келіпті. Өмірлік жары Марғаумен Ботагөз, Дәметкен, Ғайнижамал атты үш қыз өсіріп, олардан тараған 7 немересін қызықтаған екен. Ержүрек, батыр азаматтар ғана осындай нағыз құрметке лайық.

Нравится