Доненбеков Тұмарбек

  • Фото ветерана: Доненбеков Тұмарбек
    Доненбеков Тұмарбек
  • Фото ветерана: Доненбеков Тұмарбек
  • Фото ветерана: Доненбеков Тұмарбек
  • Фото ветерана: Доненбеков Тұмарбек
    Фото ветерана: Доненбеков ТұмарбекФото ветерана: Доненбеков ТұмарбекФото ветерана: Доненбеков ТұмарбекФото ветерана: Доненбеков Тұмарбек

Доненбеков Тұмарбек Карело-фин майданында дара барлау взводының политругы болды. Пермь қаласындағы танк экипажының командирлерін даярлайтын сегіз айлық мектепті бітіріп, 100 миллиметрлік зеңбірек орнатылған Т-34 танк экипажының командирі ретінде үшінші украин майданының бірінші мотомех корпусының, содан Румыния, Болгария, Венгрия, Австрияда (Сегет, Кечкемет, Мортенбашар, Петен, Сехешпехервар-Балатон көлінің жанында) ондаған қалалар мен жүздеген елді мекендерді жаудан азат етуге қатысты.

Өзінің жазбасынан мысал: "Петен деп аталатын кішкене село үшін болған ұрыс мәнгі есімде. Бұл бес күнге созылған ауыр шайқас еді. Отан үшін, туған жер үшін талай жан өмірін қиып кете барды. Бүкіл бір полктен біздің экипаж ғана тірі қалды. Тек полк штабы қоршаудан шығып үлгерген еди. Қаза тапқан полк командирінің денесін әкелуге менің экипажым аттанды. Біз барғанда тек штаб бастын ғана таптық. Штабқа оралар жолда алдымыздан немістің 25-30 дай танкілері кездесті. Әртүрлі тәсілдермен біз олардан жасырынып соңынан ердік. Олардын біздің корпус орналасқан ауданға бет алғанын байқадық та сай-жыраны жағалап озып кеттік. Ондағы ойымыз - корпусты хабардар ету. Алда көрінген селоға таяғанда алдымыздан генерал-майор Шапошников кездесті. Жағдайға қанныққан генерал маған осы селода қалып, жау танкілерінің алдын бөгеуді тапсырды. Біздің экипаж генералдың бұйрығын бұлжытпай орындап, жау танкілерін елді мекенге өткізбеді. Сол жолы мен Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен наградталдым. Бұл бізден Ұлы Отанымыз ерлік күткен шақтың бір сәті ғана еди".

Нравится