Бисембаев Ізтілеу

  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
    Бисембаев Ізтілеу
  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
  • Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу
    Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу  Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу  Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу  Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу  Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу  Фото ветерана: Бисембаев Ізтілеу

Бисембаев Ізтілеу 1901-ші жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қызыл ту (қәзіргі Бұхарбай батыр кеңшары) колхозында дүниеге келген. Үйленген, жұбайының аты Нұрманқызы Балайым (1910). Әбіласан, Әбілхайыр, Нағипа және Бақыт деген үш ұл бір қыздары болған, бірақ Әбілхайыр мен Нағипа жастайынан қайтыс болады. 11-ші Шымкент балалар үйінде завхоз болып жұмыс істеп жүріп партиялық жоғарғы оқуда оқып журген. Сол балалар үйінен бір баланы асырап алып, үйлендіріп жағдайын жасаған қайырымды кісі болатын. Жұмыс істеп жүрген кезінде біреулер тарапынан жала жабылып 29.07.1939 жылы 10 жылға сотталады. (дәл сол жылдары ағайынды адамдар мен бір ауылдың тұрғындары арасында бірін-бірі аңду, аяқтан шалу сияқты жағымсыз қылықтар белең алған кезең болған.) Кейін еш кінә табылмай, 2 жыл дегенде ақталып шығады. Осы жылдары 2.ші дүние жүзілік соғысы (ҰОС) жүріп жатқан болатын. Қармақшы АӘК арқылы 1942 жылы майданға аттанып, атқыш ретінде соғысқа қатысқан. Соңғы хаты Сталинград қаласынан келген. Ол хатында басқа жаққа (ағашы көп орманды жаққа – деп жазғанына қарағанда қайда жіберілетіні толық анық айтылмаған) ауыстырылып жатқанын жазған екен. Бұл күнге дейін; 1943 жылғы ақпан айында майдан даласында хабарсыз кеткен (Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің мәліметі 1 том 152 бет) деген мәліметтен басқа ешқандай да хабар алынбаған. (Балайым әжеміз атамызды 1976 жылға дейін келеді деп күткен, содан кейін ғана құран оқытып ас беріп киімдерін таратады. Жалғыз өзі екі ұлды тәрбиелеп өсіреді. Өзінің тігін машинасы болған, сол тігін машинасымен тігін тігіп күндерін көрген. Атамыздан сол күйінде хабар ала алмай өмірден өтеді.) Тек 2015 жылы интернетте іздеу барысында Ленинград майданында 77 атқыштар полкының 80 атқыштар дивизиясында атқыш ретінде қатысып 13.01.1943 жылы Ленинград облысы, Мгинский ауданы, Тортолово ауыл аймағында соғыста қайтыс болғаны және сол ауыл аймағында №291 қабіріне жерленгені туралы мәліметтер табылады.

Нравится