Бекетаев Сайлаубай

  • Фото ветерана: Бекетаев Сайлаубай
    Бекетаев Сайлаубай
  • Фото ветерана: Бекетаев Сайлаубай
  • Фото ветерана: Бекетаев Сайлаубай
    Фото ветерана: Бекетаев СайлаубайФото ветерана: Бекетаев СайлаубайФото ветерана: Бекетаев Сайлаубай

Бекетаев Сайлаубай 1923 года рождения призван в РККА в 1942 году Кокпектинским РВК Семипалатинской области. Участвовал в боях на Западном фронте Воронежского направления в составе 6-й стрелковой Краснознаменный дивизии в качестве разведчика взвода пешей разведки 333-го стрелкового полка. Выписка из наградного листа: "Бекетаев Сайлаубай за период боев с 24.08 по 3.10.42 года проявил себя смелым и самоотверженным. 3.10.42 года во время контратак противника на правом берегу реки Воронеж он первый поднимался и шел в атаку на врага, своим личным примером, мужеством и отвагой увлекал бойцов. Несмотря на численное превосходство сил противника, он вместе своим взводом отбил все контратаки врага и нанес ему большие потери в живой силе. Лично сам товарищ Бекетаев в этом бою убил 14 фрицев и сам получил тяжелое ранение. За мужество и отвагу, проявленные в боях с немецкими захватчиками товарищ Бекетаев достоин Правительственной награды медали "За отвагу", 8.10.1942 год". Награжден медалью "За боевые заслуги".

ҰРПАҒЫМЫЗ ЕЛСҮЙЕР БОЛЫП ӨССІН ДЕСЕК... Семей облысы Ақсуат өңірі, Ақжайлау ауылының тумасы Сайлаубай Бекетаевтың балалық шағы колхоздастыру, ашаршылық сынды аумалы-төкпелі заманға тап келеді. Əкесі Бекетай Рахышев қарапайым еңбек адамы, анасы Күмісхан Жалғасбайқызы үй шаруасындағы адам болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 18-ге енді толған бозбала 8 класс оқушысы екен. Келесі оқу жылында соғыс жағдайындағы мобилизациямен əскерге шақырылып, Орал бойындағы əскери округтің 365ЗСП ЮЖ(УВО) Сахмар станциясындағы бөлімшесінде əскери даярлықтан өтеді. Қызылтулы 6-шы атқыштар дивизиясының 333-ші атқыштар полкінің құрамында взвод барлаушысы болған жауынгер -Бекетаев Воронеж бағытындағы Батыс майдан ұрыс тарына қатысады. Тарихқа көзжүгіртсек, 1942 жылы 15 тамызда Воронеж майданының 40-шы армиясы алға қойылған міндеттерді орындауды ары жалғастырады. 6-шы дивизияның 333-ші атқыштар полкі Воронеж өзенінің батыс жағалауында жаумен кескілескен ұрыс жүргізіп, Ласковая көшесіндегі үш үйді жəне солтүстікке қарай орналасқан дамбыларды алады. Жауынгер Бекетаевқа берілген Марапат парағында жерлесіміздің Воронеж қаласын жаудан азат етуде бірінші болып шабуылға шығып, өзінің батылдығымен өзге жауынгерлерге үлгі болғандығы жазылған. Фашистер санының əлдеқайда көптігіне қарамастан, өзінің взводымен жау шабуылына тойтарыс беріп, оларды көп шығынға ұшыратқан. Ғимарат ішіне бекінген жау снайпері мен пулеметшілерінің көзін жойғаны, яғни, жалғыз өзі жаудың 14 солдатын ажал құштырғаны, оның бұл ерлігін бөлімше командирінің ерекше атап өткені жайлы баяндалады. Осы ұрыста - 1942 жылдың 3 қазанында жауынгер оң жақ тізесінен жарақат алады. "Қазан айының 3-і күні болған сұрапыл Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысты көзімен көріп, елім, халқым үшін деп қолына қару алған əрбір жауынгер өмірі кейінгі ұрпақ үшін қастерлеуге тұрарлық ғибрат екеніне күмəн жоқ. Биыл сол Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 2 жыл толып отыр Осы бір төрт 7. жылға созылған соғыс миллиондаған адам баласына қайғы-қасірет əкелді, қаншама адамның өмірін қиды. шайқаста əкемді снаряд жарықшағы аяқтан жаралапты. Өзінің айтуынша, құлап қалған оны біршама уақыттан кейін əлсіреп жатқан жерінен медсанбаттың жауынгерлері тауып алып, алғашқы көмек көрсетіпті. "Көп қан кеткен, шөл əкетіп барады, əлсіз үнмен "су, су" деуге шамаң əзер жетеді. Осындайда аузыңа салған бір түйір қанттың өзі қаталап жатқан адамға нəр екен" - деп есіне алып отырушы еді"- дейді ұлы Дəлел Бекетаев. Осы жарақатынан соң ол бірнеше ай бойы санитарлық бөлімде, сосын əскери госпитальда ем қабылдағанымен, жарақаты ауыр болғандықтан ары қарай майдан даласына жіберілмей комиссия шешімімен елге қайтарылады. Жаралылар тиелген эшелонмен айлап жол жүріп, туған жеріне оралады. Жарақаты көпке дейін жазыла қоймай, ұзақ уақыт емделуіне тура келеді. Соғыстың күйіп тұрған уақытында елдегі халықтың жағдайы да мəземесті. Ер азамат атаулы майданда. Барлық ауыртпалық қарттар мен əйелдердің иығына түскен шақта қай азамат жаралы екенін алға тартып, үйінде отырсын. Оқуға зерек, сауатты Сайлаубай Бекетайұлын 1943 жылы депутаттар аудандық кеңесінің бөлім басшысы етіп тағайындайды. Бұл қызметті 1945 жылдың күзіне дейін атқарған оны Ойшілік ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағалығына тағайындаған еді. 1946 жылдың тамызында қайтадан аудандық атқару комитетінің нұсқаушылығы қызметіне ауыстырылады. Бұдан кейін аудандық партия комитетінің ұйғарымы бойынша "Көктөбе" колхозының төрағасының орынбасары қызметін атқарса, "Көктүбек" ауылдық кеңесі оқу үйінің меңгерушісі, Көктүбек ауылдық кеңесінің төрағасы сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарады. 1954-56 жылдары "9 Май" колхозында жылқы фермасын басқарса, 1956-62 жылдар аралығында аталған колхозда есепші бухгалтер болып еңбек етеді. 1963 жылы "Ленин жолы" жəне "9 Май" колхоздары біріктіріліп, "Ленин жолы" совхозы болып қайта құрылғанда совхоз директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 1959 жылы Семей қаласынан бухгалтерлік есеп курсын үздік тəмамдап, совхоздың құрылыс істері жөніндегі есеп бөлімінде абыройлы еңбек еткен екен. Жоғарыда Сайлаубай Бекетайұлының жаужүрек жауынгер ретінде көзге түскенін айтып өткен едік. Соның айғағы - "Ерлігі үшін" (8.10.1942 ж.), "Сталинградты азат еткені үшін", "Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерлігі үшін" медальдары. Ал, бейбіт өмірде де еткен адал еңбегі, төккен тері ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше мəрте облыстық, аудандық, жергілікті атқару комитеттері мен партия ұйымдарының Алғыс хат тарымен, мадақтау қағаздарымен марапатталған. Сайлаубай Бекетаевтың құдай қосқан қосағы Майшан Закаримова - тылардагері. Кейуана бүгінде Ақсуат өңірінің Қызылкесік ауылында тұрады. 11 балаға жарық дүние сыйлаған алтын құрсақты ана . Алайда , Сайлаубай Бекетайұлының маңдайына сол балаларын бір бір үй етіп, немерелердің ортасында шалқып отыруды жазбапты. Сол соғыс салған жарақаттың кесірінен небары 49 жасында дүниеден өтті. Майшан ана иығына түскен барлық ауыртпалықты көтере біліп, балаларын жеткізу жолында аянбай тер төкті, оқытты, əрқайсысын бір-бір шаңырақ етіп шығарды. Қазірде немере-шөберелерінің сүйікті əжесі. 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы - да біздің өткен тарихымыз, аға ұрпақ ерлігінің үлгісі. Олай болса, ертеңгі ұрпақ елі үшін отқа түсер отаншыл болып өссін десек, балаларымызды халқымыздың қаһарман ұл-қызының ерлігі рухында тəрбиелейік. Күлия Райыс, "Ертіс өңірі" газеті 2017 жылғы 26 сəуір.

Нравится