06 марта 2018 | 10:35

Ерлан Біләл Абайды сомдайды

Ерлан Біләл Абай рөлінде. © "Жас қазақ" газеті

Актер Ерлан Біләл 9 наурызда Мұхтар Әуезовтің "Абай" трагедиясында басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай өтетін іс-шарасынан кейін қойылады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Ерлан Біләл 9 наурызда Мұхтар Әуезовтің "Абай" трагедиясында басты рөлде ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Спектакль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай өтетін іс-шарасынан кейін қойылады. 

Сағат 12.00-де сахна абызының басына құран бағыштаудан басталатын іс-шара, 16.00-дегі дөңгелек үстелмен жалғасын таппақ. Сағат 17.00-де театр фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, 18.30-да театр репертуарындағы Мұхтар Әуезовтің "Абай" трагедиясы сахналанады.

Реклама
Реклама

Қалибек Қуанышбаев - актер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ кәсіби сахна өнерінің абызы, жүз елуге жуық рөлде ойнап, өшпес ізін, ұмытылмас өнегесін қалдырды. Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы - Мұхтар Әуезов пен Леонид Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды. Қазақ өнерінде аты алтын әріптермен жазылған Қалибек Қуанышбаев кинодағы рөлдерімен қазақ кинематографиясына да өз үлесін қосты.

Театр сахнасынан әр жылдары Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Мүлік Сүртібаев, Ыдырыс Ноғайбаев сомдаған Абай образын, бүгінгі көрермен Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Азамат Сатыбалдының орындауында көріп жүр.

Бұл спектакль 2010 жылдың 26 маусымында Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаевтың режиссурасымен қойылған еді. Қойылымда Шынар Асқарова, Жасұлан Байсалбеков, Берік Айтжанов, Гүлнұр Шыңғысова, Зәуре Көпжасарова, Аян Өтепберген, Баян Қажынәбиева, Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Гүлшат Тұтова, Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда, Жоламан Әміров, Жалғас Толғанбай, Бауыржан Қаптағай, Рашида Хаджиева, Мұрат Нұрәсіловтер ойнайды.

Айта кетейік, бұл Ерлан Біләлдің бір жарым миллион теңге пара алып, 52 500 000 теңге айыппұл арқалағаннан кейінгі алғашқы рөлі. Кейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор болып Асхат Маемиров тағайындалған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram