Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков ауыр сырқаттан қайтыс болды, - деп хабарлайды Аitysker.org сайты.
Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков ауыр сырқаттан қайтыс болды, - деп хабарлайды Аitysker.org сайты.
Басылымның мәліметінше, ақын 44 жасқа қараған шағында 2 қазанда өмірден өткен.
1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген.
Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі, 1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған.
Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" номинациясын иеленген. "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.
Айтыскер соңғы уақытта Келес аудандық мәдениет үйінің директоры болған.