РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 октября 2021 | 17:17

"Анама алғаш рет қарсы шықтым!". "Жұлдыздың жары" қонағы - Дана Тұрарбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өнер қырандары" театрының жетекшісі, танымал актер Мадияр Серікбаевтың жары, актриса Дана Тұрарбек "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Өнер қырандары" театрының жетекшісі, танымал актер Мадияр Серікбаевтың жары, актриса Дана Тұрарбек "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында балалық шағы, отбасылық өмірдегі, келін болып түскендегі қызықтары, өнер жайында, Мадиярмен таныстығы туралы әңгімеледі.

Дана Мадиярмен таныстығын тағдырдың жазуы деп атайды.

"Мен арман қуып, 16-17 жасымда Алматыға келдім. Академияға түстім. Сол жерге Мәкең де келіп түсті. Бір жылда келдік, бірақ ол менен 6 жас үлкен. Ол 6 жыл академияға түсе алмаған. Қайтпайтын, қайсар мінезін осыдан байқауға болады. Енді тағдыр ғой. Алла Тағала кездестіріп тұр. Мені күткен. Екеуміз бір курс, бір топта оқыдық", - деді ол.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында отбасылық өмірдегі қызық оқиғаны айтты.

"Менің қатты бір ауырып қалған кезім болды. Сол кезде: "Сорпа жасап берші", - дедім. Есімнен кетпейді, селедкадан уха жасап берді. Ішіп алдым, жазылып кеттім. Мәкең кухняға жоқ, ауырып қалған кездерде істейді", - дейді актриса.

Актриса алғаш үйленген кездегі қиындықтар туралы айтып, "жетім бұрыш" жағалаған күндерін де еске алды.

"Екеуміз отбасын құрып, ауылда тойды өткізіп, Алматыға келгенде, қолымызда бір-бір ала сөмке болды. Ішінде маманың берген екі көрпе, екі жастығы, жүгіңді әкеле алмайсың, үйің жоқ, күйің жоқ, сонымен "жетім бұрыш" деген жер бар ғой, сол жерде жүрдік. Мен оны түсінбеймін. Кішкентаймын ғой. Артынан еріп жүрдім. Сөйтіп, жатақхана таптық, орналастық. Сол жерде тұңғышымыз дүниеге келді. Айма-ай жатақхананың ақшасы келіп қала береді. Отыз бес мың теңгеге жалдап тұрдық. Баланың пособиесін, екеуміздің стипендиямызды қосып төлейтінбіз", - дейді ол.

Дана "Өнер қырандары" театрының қойылымдары және ұжым қалай театр аталып кеткені туралы әңгімеледі.

"Халық өзі "Өнер қырандары" театры деп атап кетті. Біз өзіміз театр деп атаған жоқпыз. Бізге "аттарың қатты, қыран емес, шымшық болып қалмаңдар", - деп әзілдеген адамдар да көп болды", - деді актриса.

Айта кетейік, өткен бағдарлама қонағы әнші, актриса Салтанат Бақаеваның жары Нұржан Жүсіп болды.

Алда бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Сенбіде, 2 қазанда сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының кезекті шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети