РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 апреля 2019 | 11:17

Әлемнің өртке оранған ең құнды жәдігерлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC.com © BBC.com

Бүгін, 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен белгіленген болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 100 мыңға жуық тарихи және мәдени нысандар жойылады. Өкінішке қарай, расында да қазіргі таңда жәдігерлердің барлығы сақтала қойған жоқ. Таяуда Францияның символы саналатын құдай аналарының соборында өрт шыққан еді. 


Бүгін, 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1983 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен белгіленген болатын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 100 мыңға жуық тарихи және мәдени нысандар жойылады. Өкінішке қарай, расында да қазіргі таңда жәдігерлердің барлығы сақтала қойған жоқ. Таяуда Францияның символы саналатын құдай аналарының соборында өрт шыққан еді. 

Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі әлемдегі өртке оранған жәдігерлер мен көрнекі жерлерді еске түсіреді.

Париждегі құдай аналарының соборы

15 сәуірде Францияның танымал көрнекі орындарының бірі - Құдай аналарының соборында өрт шыққан болатын. Өрт тек бір тәуліктен соң толықтай сөндірілген еді. Алдын ала болжам бойынша, соборды қайта қалпына келтіруге кем дегенде 10 жыл кетеді. Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеуінде алдағы бес жыл ішінде өрттен бүлінген соборды қайта қалпына келтіруге уәде берді.

Айта кетейік, Францияның символы саналған бұл собор 1163-1345 жылдары салынған. 


Париждегі құдай аналарының соборы. © REUTERS/Masha Alexandrova

Бразилияда 20 миллион экспонаттан тұрған ұлттық музей

Былтыр 2 тамызда Бразилияның 200 жылдық тарихы бар ұлттық музейі өртеніп кеткен болатын. Музейдің барлық үш қабаты өртенген. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, бұл ғимарат елдің ең көне ғылыми орталықтарының бірі болған. Бірақ өрттің нақты себебі әлі күнге дейін анықталмай отыр. 

Өрт сөндірушілердің әрекеттеріне қарамастан, тілсіз жау музейдің 20 миллион экспонаттан тұратын топтамасын, сондай-ақ, кітапхананың ауқымды бөлігін жойған.

Бразилияның Ұлттық музейі Рио-де-Жанейроның солтүстік бөлігіндегі Кинта-да-Боа-Виста саябағында орналасқан. Оның негізін 1818 жылы Португалия королі Жуан VI қалаған. Музей топтамасы 20 миллион экспонаттан тұрды. Олардың арасында жануарлар, жәндіктер, минералдар, тұрмыс құралдары, мысыр және оңтүстікамерикалық мумиялар, артефактілер және тағы басқалары болған.

Бразилиядағы музей. ©  AP

Нью-Йорктегі Иоанн Богослов соборы

2001 жылдың желтоқсанында аумағы 11 240 шаршы метр болатын әлемдегі үлкен соборлардың бірі - Иоанн Богослов соборынан өрт шыққан болатын. Нәтижесінде собордың төбесі опырылған. Дереккөздердегі мәліметке қарағанда, собордағы құнды заттардың барлығы бүлінген. Бірақ біраз уақыт ішінде собордағы картиналар мен басқа да заттар қалпына келтірілген. 


Нью-Йорктегі Иоанн Богослов соборы. © Associated Press 

Джоканг ғибадатханасы

Сондай-ақ, былтыр 17 ақпанда Тибеттегі басты ғибадатханалардың бірі өртке оранған еді. Тарихи мәліметтерге қарағанда, бұл ғимарат VII ғасырда салынған. Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыса да, ондағы біраз жәдігер жойылып кеткен. 6 мыңнан аса реликвия өртеніп кеткен.

Айта кетейік, 2000 жылы Джоканг ғибадатханасы ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енген.


Джоканг ғибадатханасындағы өрт. © Weibo

Абомей король сарайы

Биыл 21 қаңтарда тарихи-мәдени мұралардың тізіміне енген тағы бір нысан Абомей король сарайында алапат өрт шыққан болатын. Абомей король сарайына оңтүстікафррикалық корольдіктің 12 тұрғын үйі кірген. Өрт нәтижесінде кешен шатыры бүлініп, алты ғимараты өртке оранған. 

Кешеннің жалпы аумағы 40 гектарға жетеді екен. Барлығы 12 кешен болған, олар 1695-1900 жылдар аралығында салынған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, өрт салдарынан барельефтер мен корольдік өкілдері ежелден бері тарихта болған маңызды оқиғаларын жазып жүрген материалдар бүлінген. 


Абомей король сарайы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети