РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 августа 2023 | 12:19

"Сауатсыз ұрпаққа айналды": оқушылары үш ауысыммен оқитын ауыл тұрғындары Президенттен мектеп сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Алматы облысы КазЦик ауылында мектеп мәселесі өршіп тұр. Ауыл ішіндегі 640 орындық мектепте 1700-ге жуық бала үш ауысыммен білім алады. Ауылдың аумағы тым үлкен болғандықтан балалар білім ошағына дейін 2 шақырым жаяу жүріп баруға мәжбүр. Ал ата-аналар "оқу жылы басталса, бастауыш сыныпта оқитын баламызды жалғыз жіберуге қорқамыз" дейді. Себебі мектепке барар жолда маскүнемдер мен нашақорлар қаптап жүр. Ал ауылға мектеп салу бас жоспары ақпанда белгіленсе де, алты айдан бері құрылыс басталмаған. Тұрғындар жергілікті әкімдіктің қолынан ештеңе келмейді деп налиды. Massaget.kz тілшісі мектепке зар болған бұқараның базынасын тыңдап қайтты.


Алматы облысы КазЦик ауылында мектеп мәселесі өршіп тұр. Ауыл ішіндегі 640 орындық мектепте 1700-ге жуық бала үш ауысыммен білім алады. Ауылдың аумағы тым үлкен болғандықтан балалар білім ошағына дейін 2 шақырым жаяу жүріп баруға мәжбүр. Ал ата-аналар "оқу жылы басталса, бастауыш сыныпта оқитын баламызды жалғыз жіберуге қорқамыз" дейді. Себебі мектепке барар жолда маскүнемдер мен нашақорлар қаптап жүр. Ал ауылға мектеп салу бас жоспары ақпанда белгіленсе де, алты айдан бері құрылыс басталмаған. Тұрғындар жергілікті әкімдіктің қолынан ештеңе келмейді деп налиды. Massaget.kz тілшісі мектепке зар болған бұқараның базынасын тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Бізге жаңа мектеп керек. Тоқаев мырза бізге жаңа мектеп салып бересіз бе?" Бұл 9 жасар Диана Әметованың мемлекет басшысына айтқан өтініші. Биыл төртінші сыныпқа баратын ол, жыл сайынғы жол ауырлығын сезінгісі келмейді. Бұдан бөлек аталған аумақта дәл осындай 520 бала бар. Олар үйлеріне 2 шақырым қашықтықтағы білім ошағына барып оқуға мәжбүр. Кішкентай бүлдіршіндер білім ордасына шамамен бір, бір жарым сағат жүріп барады екен. Ал ауылға кіретін жалғыз №227-автобусқа балалардың көбі сыймай қалатын көрінеді.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

"Бізде ең басты мәселе мектеп. Менің екі балам бар. Мектеп алыс. Білім ордасына баратын жолмен қар еріген, жаңбыр жауған уақытта жүру мүмкін емес. Бірінші, екінші сыныпта оқитын баланы оқуға қалай жібереміз. Мына ессіз жерде алқаш та, нашақор да жүреді. Біз қорқамыз. Сонда балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Бір жағдай бола қалса баласын жалғыз жіберген ата-ана кінәлі болып шыға келеді. Сонда ата-ана баласын баға ма, кредитін төлей ме, ақша таба ма не істейді? Әкімдік үнемі құрғақ уәдемен қатырып келеді. Бұл уақытқа дейін ештеңе шешілмеді. Мектептің зары өтті. Осындай қиындықтардан білім ала алмай балаларымыз сауатсыз ұрпаққа айналды", - дейді ауыл тұрғыны Ақтоты Серікқызы.


Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Ауыл тұрғындары "ауылға мектеп саламыз" деген әкімдіктің әңгімесі өткен жылдың қараша айынды басталғанын айтады. Ал ақпан айында білім ордасы бой көтеретін аумақты белгілеп, тұрғындарға көрсеткен. Алайда жаңадан көтерілетін нысанда "Алатау" көшесіндегі жаңа құрылыс тұрғындарына тым алыс. Ал үйлерінің дәл маңындағы телім жекеменшіктің қолына өтіп кеткен. Ал ауыл белсендісі Арал Ешмаханов әкімдік дәл осы аумаққа мектеп салып береміз деп 2017 жылы уәде еткенін айтады.


КазЦик ауылының тұрғыны - Арал Ешмаханов. Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

"2017 жылы көшіп келгенімізді сол кездегі әкім дәл осы жерге мектеп саламыз деп айтқан. Біз ақпан айында телеарнаны шақыртып, 3 гектар жер сұрағанбыз. Содан кейін көктемде жердің иелері бірден іске кірісті. Ағаштардың барлығын қырып тастады. Біз биліктен осы жерді жекеменшіктен алып, мектеп салып беруді талап етеміз. Себебі, қазірдің өзінде ауылдағы 2 мектепке оқушылар симайды. Ал келесі жылы не болмақ? Қазір баланы мектепке таксимен жіберіп отырмыз. Ал ауыл ішіндегі жеке мектептің бағасы 60 мың теңге. Ол мектепке оқытуға барлық ата-ананың шамасы келмейді", - дейді ауыл тұрғындары.


Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

КазЦИК ауылындағы 2 мектепте бала саны тым көп. Мәселен, Әнуар Молдабеков атындағы №6 орта мектеп 1975 жылы 640 балаға арнап салыныпты. Қазір мұнда 1696 бала білім алады.

"Бірінші сыныпқа 150 бала қабылданды. 6 сынып болады. Саяжайдан 240 бала бір автобуспен қатынап оқиды. Төрт қазақ, екі орыс сыныбы бар. Бізге басқа мектеп салынса дұрыс болар еді. №42-мектеп салынған кезде оқушылар саны азайды. Алайда ауыл қалаға жақын орналасқандықтан көшіп келіп жатқан адамдар көп. Қазір сол бұрынғы қалыпқа келдік. Бұған дейін білім бөлімінде мектепке қосымша құрылыс салу жайында мәселе талқыланды", - дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Күмісай Садыкова.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети