11 марта 2024 | 11:17

Ораза кезінде қалай тамақтану керек? Нутрициолог кеңес берді

depositphotos.com

Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Ағзаға зиян келмес үшін және күні бойы сергек жүру үшін ораза кезінде қалай тамақтану керек? Massaget.kz тілшісіне интегративті нутрициолог Ажниязова Айымгүл бірнеше пайдалы кеңес берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Ағзаға зиян келмес үшін және күні бойы сергек жүру үшін ораза кезінде қалай тамақтану керек? Massaget.kz тілшісіне интегративті нутрициолог Ажниязова Айымгүл бірнеше пайдалы кеңес берді.

Маман биыл ораза ұстайтын жандар үшін тамақ ішетін уақыт аш жүретін уақытқа қарағанда қысқа болатынын айтты.

"Бізде қазақтарда, жалпы ТМД елдерінде адамдар бір-бірін ауызашарға шақырады. Қонақжай халық болғасын дастарханды мүмкіндігінше толтырып қоямыз және көп адам шақырамыз. Қарны ашып келген адам ауызашар кезінде тойсын деп ойлаймыз. Жалпы қонаққа бармаса да, көп адам ауызашарда қатты тойып кеткенше тамақ жейді. Рамазан айы көктемге келіп тұр, ауызашар мен сәресінің арасы ұзарды. Десе де ауызашар мен сәресінің арасы сәре мен ауыашардың арасына қарағанда қысқа. Яғни, тамақ ішетін уақытымыз аш жүретін уақытымызға қарағанда қысқа", - дейді Ажниязова Айымгүл.

Реклама
Реклама

Нутрициолог ағзаға зиян келмес үшін және күні бойы сергек жүру үшін оразада тамақтану кезінде мына ұсыныстарды сақтауға кеңес берді:

1-ұсыныс - сәресінде тойымды тамақты жеу. Әдетте адамдар ауызашарға тойып тамақ жеп алады, одан кейін түрлі десерттермен шай ішеді. Содан соң сәресіне тұрған кезде көпшіліктің тамаққа тәбеті болмайды. Тәбет болмағасын сәресін жеңіл-желпі іше салады. Мысалы, шай іше салады, маусымы болса, қарбыз-қауын жей салады. Кейбіреулер сәресіне нан мен май секілді не бар соны жей салады. Бұл - негізгі қателік.

Керісінше, дәл аш болып жүретін кезеңнің алдында тойып алған дұрыс. Сәресіден кейінгі уақытқа дайындалып, сәресінде тамақты дұрыстап жеп алсаңыз, аштық қатты сезілмейді, мүмкін емес әлсіздік болмайды, бас ауырмайды, қарын ашқаннан ашулану немесе мазасыздану болмайды. Себебі адам сәресінде тойып алды, тамағы толықтай қорытылғанша біраз уақытқа дейін шыдайды және ораза айын белсенді өткізеді. Мысалы, кей оқушы балалар сәресіде дұрыс тамақ ішпейді, сол үшін сабақта ұйықтап, әлсіз болып отырады, есінен танып құлап қалатындар да бар. Сол секілді жұмыс істейтін адамдар сәресіне дұрыс тұрмағасын ұйқысы келіп, мазасы кетіп жұмысын жасай алмай отырады. Осының барлығын сәресінде дұрыс тамақ ішу арқылы алдын алуға болады. Ол құнарлы тамақ болуы керек. Мысалы, малдың, құстың немесе балықтың еті. Ешбір адам сәресіне палау, котлет секілді тамақтарды жемейді. Алайда негізі сондай тойымды тамақты сәресіне жеу керек.

Басқа да ұсыныстар Massaget.kz сайтында!

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram