Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов облыстағы коронавирус тарау жағдайын Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов облыстағы коронавирус тарау жағдайын Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін қосымша тіркелген жағдайлар Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да алдындағы тіркелген науқастармен қарым-қатынаста болып, оқшауланып карантинге алынған азаматтар арасынан анықталды. Осы азаматтардан зерттеу сынамасы алынған болатын. Оң нәтиже беріп отыр. Барлық анықталған науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, ем басталып жатыр", - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, бұған дейін коронавирус табылған азаматтар 388 тұлғамен қарым-қатынаста болған.
"Науқастар қарым-қатынаста болған 388 тұлға анықталды. Оның ішінде 101-і тығыз қарым-қатынаста болған. Барлығы үй жағдайында бақылауға алынды, - деді Абдусаметов.
Ведомство өкілі облыстағы коронавируспен күреске байланысты ауруханалардағы төсек орындары туралы айтып берді.
"Жалпы облысымызда коронавирусқа қарсы төсек орындары дайындалды. Осы уақытқа дейін 50 науқасқа арналған болса, қазір 135 орынға дейін кеңейтілді. Сонымен қатар, провизорлық стационарда 260-қа дейін, карантиндік қосымша 600 төсек орны бар, - деді ол.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336 адамға жетті. Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Алғашқы науқас, 64 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы хабар 26 наурызда белгілі болды. Кейінірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.