Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Massaget.kz редакциясына сұхбат беріп, Президенттің жарлығымен жаңадан құрылған Алатау қаласының дамуы туралы айтты.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Massaget.kz редакциясына сұхбат беріп, Президенттің жарлығымен жаңадан құрылған Алатау қаласының дамуы туралы айтты.
"Ол бұрынғы жоба. Қала төрт ауданнан құрылады. Қаланың территориясы өте үлкен. Жоба жартылай Іле ауданында, жартылай Талғар ауданында, жартылай Қонаев қаласында болған. Жобаны біріктіру туралы шешім қабылданған болатын.
Жобаның айырмашылығы неде? Ол толық арнайы экономикалық аймақ. Ол жақта салықтық басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Ол қаланың дамуы басқа қалалардан ерекше болады", - дейді облыс әкімі.
Еске салайық, биыл 10 қаңтарда Қазақстанда жаңа қала пайда болғаны хабарланды. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілді. Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, қаланың ауданы - 88 мың гектар. Онда бүгінде 52,7 мың адам тұрады.
Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере