РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 июня 2020 | 16:45

"Тарихи шындықты жариялайтын еді". Қазақстандық өнер иелері Ерке Есмаханға көңіл айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram @gulnur_mamasaripova Фото: Instagram @gulnur_mamasaripova

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмаханның әкесі Әбдіраш Нұрмаханұлы Есмахан қайтыс болды. Өнер иелері көңіл айтып, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмаханның әкесі Әбдіраш Нұрмаханұлы Есмахан қайтыс болды. Өнер иелері көңіл айтып, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кей дереккөздің хабарына қарағанда, Әбдіраш Есмахан екіжақты пневмониядан қайтыс болған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-жыршы Айгүл Елшібаева Әбдіраш Есмаханның желіде тарихи жазбалар қалдырғанын атап өтті.

"Өмір жақсы адамдардың шарапатымен мәнді. Жаны жайсаң, ақ тілегімен батасын беріп жүретін, шежіре әңгімелердің шебері - Әбдіраш ағамыз бақилық болыпты. Бауыржан, Ерке әкелеріңіздің арты қайырлы болсын. Мақпал апамен Әбдіраш ағамызға алтын тойында дидарласып едік. Дидар ғайып деген осы ғой. Фейсбуктан Әбдіраш ағамыз Алты Әлімнің, Төртқарадан шыққан бахадүрлердің әңгімесін, тарихи шындықтарды, пайғамбардың мұғжизаларын жариялаушы еді", - деп жазды Айгүл Елшібаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өмір жақсы адамдардың шарапатымен мәнді.Жаны жайсаң, ақ тілегімен батасын беріп жүретін, шежіре әңгімелердің шебері- Әбдіраш ағамыз бақилық болыпты.Бауыржан @esmakhan_b Ерке @erke_esmahan әкелеріңіздің арты қайырлы болсын.Мақпал апамен Әбдіраш ағамызға алтын тойында дидарласып едік.Дидар ғайып деген осы ғой.Фейсбуктан Әбдіраш ағамыз Алты Әлімнің, Төртқарадан шыққан бахадүрлердің әңгімесін, тарихи шындықтарды, пайғамбардың мұғжизаларын жариялаушы еді. АЛЛА АЛДЫНЫН ЖАРЫЛҚАСЫН.Жаны жаннатта, тәні рахатта, Алла алдынан жарылқасын.Иманды болсын. ҚҰДАЙ ТАҒАЛАНЫҢ АДАМ ҒАЛАИССАЛАМДЫ ЖАРАТҚАНЫНЫҢ БАЯНЫ (10 б) Құдай тағала адамды жаратар алдында, Жәбірәйіл ғалаиссаламды «жер бетінен топырақ алып кел» деп жұмсады. Ол топырақ алмақ болып, келген жұмысын айтып еді, Жер оған: «Менен топырақ алмаңыз, ертең адамдар көбейгенде бірі кәпір, бірі залым, бірі күнәкар болып, құдайдан азап шегеді» деді. Жәбірәйіл қайтып келіп, Құдай тағалаға Жердің айтқанын жеткізді. Бұдан соң Құдай тағала бірінен соң бірі Мәкайыл ғалаиссаламды, Исрапыл ғалаиссаламды жұмсады. Бұлар да топырақ ала алмай, Жерден әуелгі естігенін айтып келді. Бұлардан соң Құдай тағала Әзірейіл ғалаиссаламды жіберді. Жер оған да бұрынғы айтқандарын айтып еді, Әзірейіл ғалаиссалам: «Сенің айтқаныңнан Құдайдың хұкімі күштірек» деп, қазіргі Қағба тұрған жерден топырақ алып келді. Құдай тағала өзінің құдіретімен ол топырақты қамыр қылып илеп, адамның суретін жасады, оны отыз тоғыз күн Мекке мен Таифтың арасына қойды. Қырық күн дегенде оған жан бітірді. Ібілістің адамға сәжде қылмағаны, адамның пейішке барып, одан бұл дүниеге қайтып келгені айдан анық, күннен мәшһүр болғандықтан оның несін айтайын. АДАМ бұл дүниеде мың жыл жасап, ол дүниеге кетті. Адам – арабтың «жер қыртысы» деген сөзі, өйткені Әзірейіл ғалаиссалам топырақты жердің үстінен алмай, қыртысынан алып еді. Адам өз ұрпақтарынан қырық мың кісі көрді. Өлерінде өз орнына ШЕС атты ұлын қойды. Шестің мағынасы «ғибатолла - құдайдың құлы» деген сөз. Құдай тағала Шесті пайғампар қылды, тоғыз жүз он екі жыл тіршілік жасап, өрнына ұлы Жалғасы???

Публикация от Айгүл Елшібаева? (@aigulyelshibayeva01)

Режиссер Гүлнұр Мамасарипова әншіге демеу болып, Ерке Есмаханның әкесімен түскен фотосын жүктеді.

"Еркетай, асқар тауың Әкетайыңның алды жарық болсын жаным. Алла сендерге сабыр берсін. Әбдіраш атамыз ұл-қыз өсіріп, немере көріп, шөберелерінің қолынан май жеген бақытты жан болды, мәңгілік мекені жұмақтан бұйырсын. Сен сырт көзге тым нәзік көрінгеніңмен ділің мықты қызсың ғой жаным, мықты бол. Суық хабар жеткелі аласұрып шырылдаған жүрегіңнен айналдым, қайғыңа ортақпыз, бәріміз. Мақпал апамызға Құдай қуат берсін! Атамыздың көзін көріп, батасын алып едік. Иманды болсын", - деп жазды Мамасарипова.

Әбдіраш Есмахан Facebook желісінде өзінің жазбаларымен бөлісіп отырған. Олардың арасында тарих толғамдары мен ру-шежірелік және әзілі аралас жазбалар да бар.

Ерке Есмаханның өзі әкесі мен анасының ұлағатты өмірін үлгі етіп, желіге фото-видео жүктеп, бөлісіп отыратын.

Еске салайық, қазір Ақтөбе облысында пневмония диагнозы қойылған науқастар көбейген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманованың мәліметінше, маусым айының басынан бері 700-ден астам адам пневмония жұқтырған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети